дүйсенбі, 15 желтоқсан, 2025 17:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл Жамбылда 30 мыңнан астам әлеуметтік мемлекеттік қызмет проактивті форматта көрсетілді

Биыл Жамбылда 30 мыңнан астам әлеуметтік мемлекеттік қызмет проактивті форматта көрсетілді
Фото - ашық дереккөз
Жамбыл облысында тұрғындар мемлекеттік қызметтерді проактивті форматта алу тәсілін жиі пайдаланып келеді.

Бұл форматта әлеуметтік төлемдер азаматтың өтінішінсіз, SMS-хабарлама арқылы автоматты түрде тағайындалады. Ағымдағы жылдың 11 айында өңірде барлығы 31 375 әлеуметтік қызмет проактивті түрде көрсетілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ең көп көрсеткіш Тараз қаласына тиесілі – 12 421 қызмет. Оның ішінде 2 мыңнан астам адам көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақыны рәсімдесе, 683 әйел «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерінің иегерлері ретінде төлем алды.

«Қызметті проактивті форматта алу үшін 1414 нөмірінен келетін SMS-хабарламадағы бірнеше сұраққа жауап беру жеткілікті. Қажетті мәліметтердің барлығы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен автоматты түрде алынады. Бұл ретте қызмет алушының телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелген болуы маңызды», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Батырхан Тоқтағұл.

Айта кетейік, бүгінде әлеуметтік төлемдердің 15-ке жуық түрін проактивті форматта алуға болады. Олардың қатарында:

            •          бала тууына және 1,5 жасқа дейінгі күтіміне арналған жәрдемақы;

            •          «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерімен марапатталған аналарға арналған жәрдемақы;

            •          мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы;

            •          асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты жәрдемақы;

            •          көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы;

            •          еңбекке қабілеттілігінен айырылу, жұмысынан айырылу жағдайларына байланысты әлеуметтік төлемдер және басқа да төлемдер.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар