Біз АЭС салу бастамасын толық қолдаймыз – Қанатбек Мәдібек
- авторjambylinfo.kz
- 3 қыркүйек, 2024
- 618
Өңірлік коммуникациялар алаңындағы брифингте Қанатбек Мәдібек АЭС салу бастамасы оңтүстіктегі өңірлер үшін әлдеқайда тиімді екенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Брифингте Қанатбек Мәдібек оңтүстіктегі аймақтар солтүстіктен электр энергиясын алатынын айтты. Соңғы жылдары іске асқан инвестициялық жобалар есебінен энергия көзіне сұраныс біршама артқан. Облыс әкімінің орынбасарының сөзінше, атом электр станциясы қайда салынатыны әлі белгісіз. Егер оңтүстікте салынса, Алматы мен Түркістан арасындағы қалаларға қосымша энергия көзін іздеуге қажеттілік болмайды.
- Біздің оңтүстік өңірлерде жаңадан қосылып жатқан инвестициялық жобалар есебінен электр энергиясына деген сұраныс артып келе жатыр. Жалпы оңтүстік өңірлерді алып қарасақ, біз электр энергиясының басым бөлігін Екібастұздан аламыз. Егер АЭС бізге салынатын болса, біздегі компаниялар электр энергиясына қосылуға мүмкіндік алады. Кейбір элологиялық мәселелер жүйесін табады.Мысалы Екібастұзда жанған көмірдің әрбір тоннасына қарай ауаға тасталатын зиянды заттар бар. Осыдан біз арыламыз.АЭС егер оңтүстік өңірде болса, бізге жақын болады. Алматы, Тараз, Түркістан, Шымкент қалаларына қосымша энергия көздерін іздеуге ешқандай қажеттілік болмайды,- деді облыс әкімінің орынбасары.
Қанатбек Мәдібек АЭС қоршаған ортаға қауіпсіз екенін алға тартты. Өйткені, аумақ бірнеше деңгейде қорғалғандықтан радияция әсері мүлде болмайды. Тіпті ауқымды нысан Жамбылға жақын соғылса, үлкен табыс көзіне айналады.
- Ел ішінде айтылып жүрген қауіптілігі бойынша мәселе де бар. Бұл енді бірнеше деңгейде қорғалатын нысан болады. Ол жерде ешқандай радиациялық немесе басқа болсын зиянды заттар жоқ. Қазіргі жаңа технологиялық мүмкіндіктерге сай, экологиялық зардаптары болмайды. Оны біз пайдалана аламыз ба деген сұрақтар да туындайды. Осы орайда елімізде бірнеше атоммен жұмыс істейтін институт бар. Соған сәйкес, мамандарымыз бар. Қазірдің өзінде алдын ала жасалған талдауларға сәйкес, құрылыс кезінде 10-12 мың адам жұмыс істейді деген жоспар бар. Егерде оңтүстік өңірде салынса, ол біз үшін үлкен көмек, табыс көзі, біз үшін үлкен еңбекақы. Сол үшін біз оған толық қосыламыз және қолдаймыз,- деді Қанатбек Мәдібек.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Шекара қауіпсіздігі – мемлекет дамуының кепілі
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты»жобасы аясында 4 мыңнан астам жоба қаржыландырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024