Жамбыл жаңалықтар
«Чемпионға тағы атақ». Депутат Сметовке “Жамбыл облысының құрметті азаматы” атағын беруді ұсынды
- авторМағжан Орынбасар
- 23 тамыз, 2024
- 572
Оның сөзінше, Олимпиада чемпионы бұған лайық
Облыстық мәслихат депутаты Гулам Умаров Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметовке “Жамбыл облысының құрметті азаматы” атағын беруді ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сегізінші шақырылған Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс, он алтыншы сессиясында халық қалаулылары бірқатар мәселе көтерді. Сондай-ақ депутат Гулам Умаров спорт жанкүйерлері атынан Елдос Сметовке “Жамбыл облысының құрметті азаматы” атағын беруді ұсынды. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев ұсынысты қолдайтынын айтты.
- Мен бүгін Елдос Бақтыбайұлымен кездесемін. Сол жерде осы сұрақты көтеремін. Шынында Елдос үлкен жетістікке жеткен спортшылардың бірі. Қарастырамыз,-деді Жамбыл облысының әкімі.