COVID жұқтырған жамбылдықтар денсаулықтарын түзеуде
- авторjambylinfo.kz
- 7 қазан, 2020
- 223
Коронавируспен ауырғандар өкпе жұмысының нашарлауына мен тыныс алу жеткіліксіздігінің артуына тап болады, ал бұл өз кезегінде оттегі тапшылығына әкеледі. Мұның бәрі өз кезегінде жүректің жұмысына кері әсер етеді.
Осыған орай Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға арнап оңалту орталығын ашу қажет болды.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың тамыз айының соңында «Ана мен бала» облыстық оңалту орталығында, «Атлетик» спорт кешені базасында COVID-19-мен ауырған ересек тұрғындарды медициналық оңалтумен қамтамасыз ететін бөлім ашылды. Ол 120 төсектік амбулаториялық және тәуліктік стационарлық режимде жұмыс жасайды.
Орталық заманауи медициналық және спорттық жабдықтармен қамтылған. Мұнда оңалтумен ауқымды тәжірибесі бар білікті медициналық-психологиялық мамандар айналысады.
Дәрігерлер коронавирустен кейінгі оңалту аурудың ауырлығына қарамастан, емделген барлық адамдар үшін қажет екенін айтады.
Аурудың клиникалық ерекшеліктерін және қосымша ауруларды, оның ішінде психологиялық факторды ескере отырып, жеке көзқарас, кешенділік орталықтың медициналық оңалтуының негізгі қағидаттары болып табылады.
Тәжірибелі физиотерапия нұсқаушылары әр пациентке жеке-жеке кеуде және дене бұлшықет жүйесін нығайту үшін қажетті тыныс алу жаттығуларын жасатады.
Дренажды жағдайларда массажды қолдану өкпенің зақымдану деңгейіне байланысты оның желдетілуін, қан айналымын және қақырықты шығаруды жақсартуға көмектеседі. Физиотерапиялық емдеу, аэрозоль терапиясын қолдану қабыну процесінің төмендеуіне және сыртқы тыныс алу функциясының жақсаруына ықпал етеді.
Оңалту орталығы ашылғалы бергі аз уақыттың ішінде 200-ден астам адам қажетті көмек алып үлгеріпті. Олардың 70 пайызы әйелдер, қалған 30 пайызы ер адамдар. Сондай-ақ, орталықта 35 медициналық қызметкер оңалту рәсімінен өткен. Жас мөлшеріне келетін болсақ, емделушілердің 15 пайызы 30 мен 49 жас аралығында, 50 пайызы 50 мен 69 жас аралығында, ал 35 пайызы 70 пен 80 жас аралығын құрайды.
Қабылданғандардың 80 пайыздан астамында қосымша аурулары болған.
Оңалту барысында әр науқастың денсаулығы жақсарғаны байқалады. Барлығына одан әрі қалпына келтіру бойынша ұсыныстар берілген.
JAMBYLINFO.KZjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз