дүйсенбі, 25 қараша, 2024 21:34

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еңбек дауларына қатысты үндеу

Еңбек дауларына қатысты үндеу
ашық дереккөзі
Еңбек дауларына қатысты үндеу
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!  Соңғы уақытта еліміздің жекелеген өңірлерінде еңбек даулары орын алуда. Көбінесе олар стихиялық ереуілдерге ұласады. Әлеуметтік-экономикалық және кәсіптік талаптарды қанағаттандыру мақсатында қызметкерлер ереуіл жариялауға құқылы. Алайда, бұл үшін татуластыру рәсімдерінің кезеңдерінен өту керек, әйтпесе ереуіл заңсыз деп танылады. Осыған байланысты, ұжымдық еңбек дауларын қарау тәртібі 2015 жылғы 23 қарашада қабылданған Еңбек кодексімен (бұдан әрі – Кодекс) реттелетінін түсіндіреміз. Осылайша, жұмыс беруші үш жұмыс күні ішінде қызметкерлердің қойған талаптарын қарауға және оларды шешу үшін шаралар қабылдауға міндетті. Оларды шешу мүмкін болмаған жағдайда өз шешімдері мен ұсыныстарын (жазбаша түрде) қызметкерлерге жеткізеді (кодекстің 163-бабының 2-бөлігі). Бұдан әрі дау татуластыру комиссиясында (жеті жұмыс күніне дейінгі мерзімде) шешілуге тиіс. Бұл тепе-теңдік негізде тараптардың бірлескен шешімімен құрылған орган. Татуластыру комиссиясы дауды шешу процесінде қызметкерлермен, жұмыс берушімен және басқа да адамдармен консультация жүргізеді. Комиссияның шешімі тараптардың келісімі негізінде қабылданады, хаттамамен ресімделеді және тараптар үшін міндетті күші болады. Татуластыру комиссиясының мүшелері келіссөздерге қатысқан уақытта жалақысы сақтала отырып, жұмыстан босатылады. Бұл ретте Тараптардың ешқайсысы татуластыру рәсімдеріне қатысудан жалтаруға құқылы емес екенін атап өтеміз. Татуластыру комиссиясында келісімге қол жеткізілмеген кезде оның жұмысы тоқтатылады, ал тараптар дауды шешу үшін әкімдік өкілдерін (мемлекеттік еңбек инспекторын) тарта отырып, еңбек төрелігін құрады (Кодекстің 165-бабының 6-бөлігі). Еңбек төрелігі мүшелерінің саны, оның құрамы және еңбек дауын қарау тәртібі тепе-теңдік негізде тараптардың келісімімен айқындалады (бұл ретте еңбек төрелігі кемінде бес адам болуға тиіс). Татуластыру комиссиясының мүшелері жұмыскерлердің қаралып отырған талаптары бойынша еңбек төрелігінің құрамына кіре алмайды. Еңбек төрелігінің шешімі жеті жұмыс күнінен кешіктірілмей төрелік мүшелерінің қарапайым көпшілік даусымен қабылданады және орындау үшін міндетті болып табылады. Төрелік реттемеген мәселелер бойынша соттарға жүгіну қажет. Бұл ретте жұмыс берушінің немесе прокурордың өтініші бойынша тиісті рәсімді сақтамай ереуіл өткізу тек сотпен заңсыз деп танылуы мүмкін. Бұл жағдайда сот заңсыз деп таныған ереуілге қатысуды жалғастыруға мәжбүрлегені және шақырғаны үшін 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен қылмыстық жауапкершілік көзделген (Қылмыстық кодекстің 157 және 402-баптары). Азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз ереуілдерге қатыспауға шақырамыз. Құқық қорғау органдары белгіленген тәртіпке, қоғамдық қауіпсіздікке қол сұғатын кез келген құқық бұзушылықтың жолын кеседі, сондай-ақ оларға жол бермеу жөнінде заңда көзделген шараларды қолданады.   Жамбыл облысының прокуроры                                                              Н.Әбдіров      
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар