Жамбыл жаңалықтар
«EasyProject» ақпараттық жүйесі – уақыт талабы
- авторjambylinfo.kz
- 20 қаңтар, 2022
- 318
«EasyProject» ақпараттық жүйесі – уақыт талабы
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте «Easy Project» бірыңғай кросс-платформасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысы қаралды.
Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Руслан Нокрабеков «EasyProject» ақпараттық жүйесіне жобалық басқарудың «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асырудың Республикалық және облыстық Жол карталарының тармақтары енгізілгенін жеткізді.
Басқарма басшысының айтуынша, Республикалық жол картасында барлығы 117 іс-шара бар болса, оның 47-сі орындалған, 53-і орындалу үстінде екен. Сондай-ақ, 2022-2025 жылдары орындалуы тиіс 8 және орындалмай қалу қауіпі бар 9 іс-шара назарға алынған.
- Облыстық Жол картасында барлығы 121 іс-шара бар, оның 48-і орындалған десек, 42-сі орындалу үстінде. Бұдан бөлек аталған ақпараттық жүйеге 2022-2025 жылдары орындалуы тиіс 17 және орындалмай қалу қауіпі бары 14 іс-шара енгізілген,-деді Р. Нокрабеков.Айта кетейік, «Жамбыл облысын жобалық басқару және цифрландыру орталығы» КММ-і базасында мемлекеттік басқаруда жобалық тәсілді енгізу бойынша жобалық кеңсе құрылған. Жобалық кеңсе қызметіне сәйкес Басқарушы комитеттің және сараптамалық кеңестің құрамы қалыптастырылып, бекітіліпті.
- Бүгінгі таңда жобалық кеңседе 11 адам жұмыс істейді, олар ҚР Премьер Министірінің кеңсесі және ұлттық жобалық кеңсесімен өзара іс-қимыл жасайды,-деді басқарма басшысы.Алдағы уақытта «EasyProject» ақпараттық жүйесіне басқа да ұлттық жобаларды енгізу мәселелері қаралуда. Облыс әкімі атқарылып жатқан барлық жұмыстар дер кезінде ақпараттық жүйеге енгізіліп отыруы керектігін, олай болмаған жайғдайда ол облыс көрсеткішіне кері әсер етенін баса айтты. Қандай да бір кемшіліктер немесе ақаулар туындап жатқан жағдайда алдын-ала ҚР ПМ кеңсесіне ескертіп отырудың маңыздылығын атап өтті. Жиын қорытындысымен жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктелді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Таразда балабақшалардың бірлескен семинары өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 қараша, 2024