жұма, 27 желтоқсан, 2024 5:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Экслюзив: құлдықта болған әке мен қызы 25 жылдан кейін Таразда кездесті

Экслюзив: құлдықта болған әке мен қызы 25 жылдан кейін Таразда кездесті
Сурет: jambylinfo.kz
jambylinfo.kz сайтының редакциясы Базарбай Алахметовке  25 жыл көрмеген қызын тауып берді

Тараз қаласындағы өмірлік қиын жағдайда қалғандар орталығының тұрғыны Базарбай Жолдыбайұлы 25 жылдан кейін  қызы Әйгерім Базарбайқызымен кездесті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз Таразда өмірлік қиын жағдайда қалған жандар балаларын іздейтіні туралы ақпарат бергеміз. Осы мақаладан кейін Әйгерім есімді бойжеткен кейіпкер Базарбай Жолдыбайұлының қызымын деп қоңырау шалды.

Бойжеткеннің айтуынша, анасы өмірден өткен. Ал әкесін соңғы рет алты жасында көрген.

«Адамдар «әкеңді көрдік» деп айтып келгенде қандай күйде болғанымды білсең ғой?! Соңғы рет 6 жасымда мектепке алып барғаның есімде. Балмұздақ сатып бергенің көз алдымда. Анам «әкең жақсы адам» деп айтып отыратын. Сені сағынумен, күтумен ержеттім ғой» –  деп жылады Әйгерім әкесін көргенде.

Бір аяғынан айырылып, денсаулығы сыр берген қарт әке қызына өзінің қиын жағдайда қалғанын айтып ақталды.

«Сенің нағашыларың мені жақтырмайтын. Содан ажырасып кеттік. Біраз жыл құлдықта болдым. Жағдайым да, денсаулығым да болмады. Сыртыңнан сұрастырып, қайда екеніңді білмей жүрдім. Сен менің жалғыз перзентімсің», – деді әкесі.

Әсерлі кездесудің куәсі болғандар екі жақын адамның табысқанына елжіреп, ізгі тілектерін білдіріп жатты.

Құралай Сейсенбекқызы
Автор

Құралай Сейсенбекқызы

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар