дүйсенбі, 25 қараша, 2024 12:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Еліміздің болашағын он жылдықтарға дамытатын таңдау үстінде тұр - Лаура Есмаханова

Еліміздің болашағын он жылдықтарға дамытатын таңдау үстінде тұр - Лаура Есмаханова
Фото - ашық дереккөз
Президент 2-қыркүйек күні Жолдауын жариялады

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының меңгерушісі Лаура Есмаханова АЭС құрылысы еліміз үшін маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Лаура Есмаханованың сөзінше, еліміз болашағын он жылдықтарға дамытатын таңдау үстінде тұр.

-  Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауында еліміздің дамуының негізгі бағыттарын анықтады. Ғаламдық энергия тапшылығының өсуіне байланысты Президент Қазақстан болашағына сенімді және экологиялық тұрғыдан таза энергия көздері қажет екендігін, яғни атомдық энергетиканы дамыту маңыздылығын ерекше атады. Атомдық энергетика қоршаған ортаны, атмосфераны ластамайды, себебі ядролық энергия жылулық энергиясына, жылулық энергия механикалық энергияға, ал механикалық энергия электр энергиясына түрленеді. Қазақстан халқы еліміздің болашағын он жылдықтарға бұрын дамытатын таңдау үстінде тұр. Атомдық энергия стансасы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін ғана нығайтпай, отандық ғылымның, технологиялардың және өнеркәсіптің дамуына зор үлес қосатынына сенімдімін. Бұл өз кезегінде жастардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз етер еді,- деді М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасының меңгерушісі Лаура Есмаханова

 

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар