Ербол Қарашөкеев 300 түрлі бұйым өндіретін «Super-pharm» фармацевтикалық зауытына барды
- авторjambylinfo.kz
- 5 наурыз, 2024
- 895
Әкімнің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл зауыт 300 данадан астам медициналық бұйымдар өндіреді. Оның ішінде бірреттік стерильді және стерильді емес киімдер, хирургиялық киімдер жиынтығы, медициналық халаттар мен бетперделер, құрал-жабдықтар бар.
«Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы – жылына 60 миллион медициналық бұйым өндіру. Қазіргі таңда бұл зауыт 650 адам тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Зауыт «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 995 миллион теңге несие алған. Ал бүгінде ауданның әлеуетін арттыру мақсатында 4 миллиард теңге инвестиция тартылған», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, биыл мамыр айында зауыттың тағы бір кешені салынып бітеді деген жоспар бар. Ербол Қарашөкеев жергілікті тауар өндірушілерді қолдаудың маңыздылығын атап өтіп, аудан және салалық басқарма басшылығына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз