сәрсенбі, 2 сәуір, 2025 12:57

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ербол Қарашөкеев байзақтықтармен кездесті

Ербол Қарашөкеев байзақтықтармен кездесті
Фото - Jambylinfo.kz
Жиында бірқатар мәселе көтерілді

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Байзақ ауданының тұрғындарымен кездесті,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылындағы мәдениет үйінде тұрғындармен кездесіп, жергілікті халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жиында ең әуелі сөз алған аудан әкімі Олжас Баққараев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарлары бойынша баяндама жасады.
Оның сөзінше, ауданда үш ауысымды мектеп мәселесі түбегейлі шешілген. Тұрғындарды баспанамен қамту бойынша да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Сонымен қатар Президент тапсырмасына сай, ауылдар толығымен ауыз сумен қамтылмақ. 
Өз кезегінде облыс әкімі өткен жылдың жоспары бойынша қол жеткізілмеген көрсеткіштер мен өзекті проблемалардың шешілу барысы бойынша аудан әкімінің орынбасарлары мен құзырлы орган өкілдерінен жауап алды. Мысалы, 2023 жылмен салыстырғанда былтыр Байзақ ауданына тартылған инвестиция 22 пайызға, ал негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 30 пайызға төмен қалыптасқан. Ал, әлеуметтік салаға жауапты Рүстем Қасымов мектептердегі қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін жасалып жатқан жұмыстарды атап өтті. 
Мәселелерді қатаң бақылауда ұстау керектігін айтқан  Ербол Қарашөкеев бірінші тоқсанда нәтиже көрсетпеген аудан әкімінің орынбасарлары жұмыссыз қалуы мүмкін екенін ескертті. 
Бұдан кейін аймақ басшысы халықтың талап-тілегін тыңдады.
Жиынға арызын арқалап келген Рүстем Мырзақұлұлы Амангелді газ құбырының аймағындағы 37 отбасының баспанасына қауіп төніп тұрғанын айтты. Оның сөзінше, «Интергаз орталық Азия» АҚ тұрғындарды сотқа берген. Ендігі уақытта үйлері сүріліп кетуі мүмкін екен. Сол үшін облыс әкімінен көмек сұрады. 
Ербол Қарашөкеев мәселе бақылауда екенін айта келе, заң аясында қажетті шаралар қабылданатынын жеткізді. 
Сонымен қатар жиында жайлы мектепке барар жолдың, қосымша білім беретін мекеменің жоқтығы, жер кезегі, аудан орталығында кәріз жүйесін салу, жарық, байланыс мәселесі көтерілді. 
Облыс әкімі барлық сұрақтарға облыс деңгейінде атқарылып жатқан жұмыстарды негізге ала отырып, жан-жақты жауап берді.
Аймақ басшысы бұл түйінді түйіткілді шешу жолдары қарастырылатын айтып, аудан басшылығына нақты тапсырма жүктеді.

- Мақсатымыз – халықтың әл-ауқатын арттыру. Ауданда шешімін күткен мәселелер бар. Оның бәрін бірден шешіп тастау мүмкін емес. Бюджеттің мүмкіндігіне қарай, қажетті шаралар қабылданады. Халық пен билік өзара түсінісіп, екі жақты жауапкершілікті сезінгенде ғана мәселерді шешуде нәтижеге қол жеткізе аламыз,- деді облыс әкімі. 

Кездесуден соң аймақ басшысы ауыл тұрғындарын жеке сұрағымен қабылдады.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар