бейсенбі, 19 ақпан, 2026 18:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ербол Қарашөкеев Нидерланд Корольдігінің елшісімен кездесті

Ербол Қарашөкеев Нидерланд Корольдігінің елшісімен кездесті
Жамбыл облысының әкімдігі
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Қазақстан Республикасындағы Нидерланд Корольдігінің Төтенше және Өкілетті елшісі Николаас Якоб Схермерспен кездесу өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Жиын барысында Қазақстан мен Нидерландтың сенімді серіктестер екені атап өтілді.

Нидерланд Қазақстан экономикасына ірі инвестиция құятын елдердің қатарында. Бұл – өзара сенім мен ынтымақтастықтың жоғары деңгейін айқындайды.

Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әлеуетін аграрлық-индустриялық бағытта қарқынды дамып келе жатқан өңір ретінде таныстырды. Аймақта ауыл шаруашылығы, өнім өңдеу, өнеркәсіп және логистика салалары белсенді түрде дамуда.

Су ресурстарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылуда. Басым бағыттардың бірі – суару жүйелерін жаңғырту және заманауи су үнемдеу технологияларын енгізу. Бұл тұрғыда Нидерландтың озық тәжірибесі үлкен қызығушылық тудырады.

Тараптар білім және ғылым, кадр даярлау, сондай-ақ туризм салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын да талқылады.

Елші өңірдің туристік әлеуетін жоғары бағалап, осы бағыттағы өзара іс-қимылды одан әрі зерделеуге дайын екенін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алдағы уақытта диалогты жалғастырып, бірлескен бастамаларды пысықтауға дайын екендерін растады.

Жұмыс сапары аясында елші «Тектұрмас» этно-тарихи кешенін, Белсенді ұзақ өмір сүру орталығын, Өңірлік кәсіпкерлер палатасын аралап, жергілікті кәсіпкерлермен кездесті.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар