Ербол Қарашөкеев қоғамдық көлікпен жүріп, тұрғындардың талап-тілегін тыңдады
- авторБақытжан Бекболат
- 9 шілде, 2025
- 3.8k
Дегенмен жыл басында Тараз қаласына қосылған он төрт елді мекеннің тұрғындары тарапынан соңғы кездері шағым жиілеген болатын. Осы орайда Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев тасымалдың жай-күйімен танысу үшін қала әкімі Бақытжан Орынбековпен бірге екі бағыттағы қоғамдық көлікке мініп, тұрғындармен тілдесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Талас станциясынан бастап (№62 маршрут) қозғалған алғашқы бағытта облыс басшысы қоғамдық көліктің сапасы, қозғалыс жиілігі мен халықтың жолға жұмсайтын уақыты жөнінде жолаушылардың пікірін тыңдады.
Жолаушылар уақыт жиілігі көңілден шықпайтынын, аялдамалар салу, осы бағыттағы автобустардың санын арттыру мәселелерін көтерді.

Келесі кезекте аймақ басшысы Қызыл Жұлдыз (№1 маршрут) елді мекеніне қатынайтын автобусқа мініп, бұл бағыттағы да ахуалды бағамдады. Ондағы көліктер ескі, тар, халыққа ыңғайсыз екені анық байқалды.
«Облыс орталығына жаңадан қосылған алқап тұрғындарынан қоғамдық көлікпен қамтуға қатысты шағым көп. Соны көзбен көру мақсатында бүгін арнайы шықтым. Тұрғындар орынды мәселе көтеріп отыр. Жақында сатып алынатын автобустарды бірінші кезекте осы мәселелерді шешуге, көлік тапшылығы қатты сезілетін аумақтарға беру қажет. Тозығы жеткен аялдамаларды реттеу маңызды», – деген облыс әкімі қала басшылығына нақты тапсырмалар жүктеді.
Айта кетейік, өткен жылы қаладағы автобустар саны 330-дан 437-ге дейін, күнделікті қызмет көрсетуге шығатын автобустар саны 270-тен 360-қа дейін артты.
Жалпы, 2023 жылдан бүгінге дейін Тараздағы қоғамдық көлік парктері 290 жаңа заманауи автобуспен толыққан. Ағымдағы жыл соңына дейін тағы 70 автобус жеткізіледі деп жоспарлануда. Ол бойынша тұрғындар сұранысына сәйкес жаңа маршруттар ашылып, қаланы қоғамдық көлікпен қамту мәселесі толықтай шешілмек.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






