Ербол Қарашөкеев облыс тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады
- авторjambylinfo.kz
- 20 маусым, 2024
- 483
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев әкімдік ғимаратында азаматтарды қабылдап, сауалдарына құлақ түрді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Әкімдіктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, азаматтардың басым бөлігі баспанамен қамту мәселесіне тоқталды. Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалту үшін үй-жай, балық шаруашылығын дамытуға жер бөлуді сұранды. Суармалы су жетіспеушілігі мәселесіне де тоқталды.
Бұдан бөлек, қабылдауға жазылғандар көпқабатты тұрғын үйлерін жөндеп беруді өтінді. Өз кезегінде, өңір басшысы барлық сауалдарды назарға алып, азаматтарға заң аясында жауап берді.
Қабылдау қорытындысы бойынша басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне көтерілген мәселерді жіті зарделеп, бақылауға алу тапсырылды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз