бейсенбі, 9 мамыр, 2024 14:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Ербол Қарашөкеев Талас ауданының тұрғындарымен кездесті

Ербол Қарашөкеев Талас ауданының тұрғындарымен кездесті
Сурет: облыс әкімінің баспасөз қызметі
Облыстағы бұл аудан жан-жақты дамып келе жатыр

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Талас ауданының тұрғындарымен кездесті. Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес өткен жиында тұрғындар көкейдегі сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Облыс әкімі алдымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндап, негізгі мақсат-міндеттерді атап өтті.

"Бүгінде өңірде 81,7 мыңға жуық жұмыс орны құрылған, оның 64 мыңнан астамы – тұрақты. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 66 мыңнан астам адам тартылды. Оның 27,6 мыңы жастар", — деді аймақ басшысы.

Ербол Қарашөкеев аймаққа инвестиция тартудың маңыздылығын айтты.

"Мемлекет басшысының инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу бойынша нақты тапсырмасы бар. Әр ауданда жаңа кәсіпорындар, жұмыс орындары құрылуы тиіс. Инвесторлардың жобаларына жан-жақты қолдау көрсетуіміз қажет. Бұл экономиканың артуына, азаматтарымыздың тұрақты жұмыспен қамтылуына ықпал етеді", — деген облыс әкімі өңірдің әлеуетін тиімді пайдалануды тапсырды.

Бұдан бөлек Қаратау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді қайта жаңғырту жұмыстары баяу жүргізіліп жатқандығын айтып, жауаптыларға құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды.

"Азаматтарды тұрғын үймен қамту мәселесі тұрақты бақылауды қажет етеді. Өйткені, қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігін баспана мәселесе алаңдатады", — деді Ербол Қарашөкеев.

Айта кетейік, биыл түрлі бағдарламалар аясында облыста пайдалануға берілетін пәтер саны өткен жылмен салыстырғанда 227,1 пайызға артады деп жоспарлануда. Оның ішінде халықтың әлеуметтік осал тобын тұрғын үймен қамту көлемі де екі есеге дейін ұлғайтылмақ. Сондай-ақ облыс әкімі аймақтағы өзекті мәселелерді атап өтіп, аудан әкімі мен орынбасарларынан есеп алды. Кездесуден соң Ербол Қарашөкеев бірқатар аудан тұрғындарын жеке қабылдады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар