Есірткі қылмысына байланысты сотталған азаматтармен кешенді шара өткізілді
- авторМағжан Орынбасар
- Бүгін, 15:34
- 66
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №58 мекемесінде есірткі қылмысына байланысты сотталған азаматтармен кешенді профилактикалық, әлеуметтік және волонтерлік қолдау шаралары ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Аталған іс-шараға Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, атап айтқанда аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Айгерім Асанқызы Каукешова, аға жедел уәкілі полиция майоры Кемеңгер Талапович Абдибеков, сондай-ақ ҚАЖД №58 мекемесінің қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында сотталғандармен мазмұнды сұхбаттар жүргізіліп, нашақорлықтың зияны мен есірткі қылмыстарының салдары туралы жан-жақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді. Сонымен қатар, қатысушыларға психологиялық қолдау көрсетіліп, олардың қоғамға бейімделуіне бағытталған практикалық кеңестер берілді.
Жамбыл облысы Полиция департаменті мен ҚАЖД мекемелерінің бірлескен жұмысы өңірде есірткі қылмыстарының алдын алу, құқық бұзушылық деңгейін төмендету және сотталғандарды тиімді оңалту бағытында жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Аталған шаралар қоғам қауіпсіздігін нығайтуға және әрбір азаматтың саналы өмір салтын қалыптастыруға өз үлесін қосады.





