Есірткімен күрес: Жамбыл облысында 8 тоннадан астам есірткі тәркіленді
- авторСадуақас Айсұлу
- 7 қараша, 2025
- 229
Жамбыл облысында 8 тоннадан астам есірткі заты тәркіленді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
1 маусым мен 31 қазан аралығында өңірде “Қарасора-2025” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілді. Осы кезеңде полицейлер 272 есірткі қылмысын анықтады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 69 дерекке көп. Заңсыз айналымнан жалпы 8 тонна 587 келі түрлі есірткі алынды. Оның ішінде: 4 тонна 179 келі кептірілген марихуана, 4 тонна 248 келі каннабис өсімдігі, 29 келі гашиш және 9 келіден астам синтетикалық есірткі бар.
Арнайы операциялар барысында 485 келіден астам марихуана мен 129 келі гашиш тәркіленіп, 18 адам ұсталды. Полиция департаменті синтетикалық есірткілердің таралуына қарсы күреске ерекше көңіл бөлуде. Іс-шара кезінде 8 күдікті ұсталып, айналымнан 9 келіден астам синтетикалық заттар алынды.
Сонымен қатар Ресейдің екі азаматы синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхана ұйымдастырғаны үшін қолға түсті. Тінту барысында 8 келі мефедрон, 2 тоннадан астам прекурсор және арнайы құрал-жабдықтар табылды. Сондай-ақ, трамадол дәрісін заңсыз сатқан 6 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды.
Жалпы ауданы 6 417 гектар болатын алқапта өсіп тұрған 3 919 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3,5 есе жоғары.
Полиция департаментінің басшылығы атап өткендей, есірткі айналымына қарсы күрес пен оның алдын алу — ведомство жұмысының негізгі бағыты болып табылады және қатаң бақылауда ұсталып отыр.
Индонезияда мешітте жарылыс болып, 54 адам жарақат алды
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






