бейсенбі, 24 қазан, 2024 17:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Халыққа қызмет көрсету орталығы Республика күні жұмыс істей ме

Халыққа қызмет көрсету орталығы Республика күні жұмыс істей ме
фото - ашық дереккөзден
Бұл сұраққа мамандар жауап берді

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 25 қазан Республика күніне орай халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар жұма күні жұмыс істемейді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Айта кетейік, 26 қазан кезекші ХҚКО мен кезекші мамандандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін жұмыс күні болып саналады. Мемлекеттік қызметтерді сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар 09:00-ден 20:00-ге дейін, сенбі күндері 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Сондай-ақ, кезекші халыққа қызмет көрсету орталықтардың мекенжайларын Мемлекеттік корпорацияның Instagram желісіндегі ресми парақшасынан және 1414 бірыңғай байланыс орталығы арқылы білуге болады.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар