жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:53

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Халық МӘМС-ке енгізілген өзгерістермен танысты

Халық МӘМС-ке енгізілген өзгерістермен танысты
Фото: ашық дерекөзден
Жамбылда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне енгізілген заңнамалық өзгерістер бойынша халықпен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

  МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерге орай Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Жамбыл облыстық филиалының өкілдері «Ауыл береке» базарына барып, базар қызметкерлері және тұрғындармен кездесіп, заңнамадағы өзгерістер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кездесуде халыққа заңның жаңашылдығы, маңыздылығы  және  артықшылықтары жан-жақты түсіндірілді. 
Филиал қоры директорының орынбасары Нұрлан Дәрменқұлов кездесу барысында әр тұрғынның талап-тегін мұқият тыңдап, барлық мазалаған сұрақтарына толыққанды жауап берді. 

Нұрлан Қабылұлы келесі жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға енгізілген жаңа өзгерістерге сәйкес, жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әл-ауқат деңгейі бойынша дағдарыстық және шұғыл жағдайдағы (D және E деңгейі) санаттарына жататын азаматтар үшін сақтандыру жарналарын төлейтінін, бұл жаңашылдық әлеуметтік осал топтарды медициналық көмектен қамтамасыз ететінін айтты.

Айта кетейік, Жамбыл облысы бойынша тұрғындардың 80,8%,-дан астамы, яғни  948 мың адам сақтандырылған. Дегенмен, облысымызда әлі де болса 225 мыңнан аса адам жүйеден тыс қалып отыр. Ал облысы бойынша (D және E деңгейі) санаттарына жататын азаматтар саны 70 мыңның  шамасында.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар