дүйсенбі, 25 қараша, 2024 6:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өңір медицинасының әлеуеті жоғары бағаланды

Өңір медицинасының әлеуеті жоғары бағаланды
ашық дереккөзі
Өңір медицинасының әлеуеті жоғары бағаланды
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдерін қабылдады. Жиын барысында еліміздің денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттің тұрақты дамуы мен халық денсаулығы қауіпсіздігінің негізі екендігі айтылды. Сондай-ақ өңір медицинасының бүгінгі мүмкіндігі мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек түрінің жаңғыруына қатысты өңірде қолға алынған айтулы бастамалар мен жетістіктер сөз болды. Жиын барысында Мелита Якаб өңірдің денсаулық сақтау саласындағы жаңашылдықтар мен жетістіктерге оң баға бере отырып, жалпы денсаулық сақтау жүйесінің дамуына қатысты орамды ойын ортаға салды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдерін қабылдады. Жиын барысында еліміздің денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттің тұрақты дамуы мен халық денсаулығы қауіпсіздігінің негізі екендігі айтылды. Сондай-ақ өңір медицинасының бүгінгі мүмкіндігі мен алғашқы медициналық-санитарлық көмек түрінің жаңғыруына қатысты өңірде қолға алынған айтулы бастамалар мен жетістіктер сөз болды. Қырғыз республикасынан келген делегат Марат Искаов Жамбыл облысының денсаулық сақтау саласы ДЖДСҰ қатарындағы елдермен салыстырғанда жетекші рөл атқарарлық деңгейде екенін атап өтті. Қазақстан Республикасы бастапқы медициналық көмек «Primary Heath Care» Ұллтық Ассоцация президенті Т.Рақыпбеков жалпы үздік практикалық орталықтар әлемдегі үздік тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік беретінін, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру түсудің маңыздылығын тілге тиек етті. Жиын соңында аймақ басшысы пандемиямен күрес кезінде өңір халқын дәрілік препараттармен, аудандық емдеу мекемелерін компьютерлік томография, магниттік резонанстық томография секілді медициналық жабдықтармен қамтылу деңгейі мен жедел медициналық көмек қызметін күшейту барысындағы жетістіктерге тоқталды. Сонымен қатар, өңірдегі медицина саласы қызметкерлерінің қатары жас мамандармен толығуда екенін, жамбылдық ақ халаттылардың Оңтүстік Корея және басқа да бірқатар медицинасы дамыған мемлекеттерде біліктілігін арттыру іс қолға алынғанын айтты. Басқосуда ДЖДСҰ өкілдері тарапынан айтылған ұсыныстар мен пікірлер ескерусіз қалмайтынын жеткізді.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар