Жамбыл жаңалықтар
Өңірде індетке қарсы жаппай екпе егу науқаны жүргізілуде
- авторjambylinfo.kz
- 29 қаңтар, 2021
- 400
Өңірде індетке қарсы жаппай екпе егу науқаны жүргізілуде
Облыс бойынша 18-64 жастағы 659 722 тұрғын бар. Оның ішінде қарсы көрсеткіштер мен бас тартуларды ескере отырып вакцинациялауға 593 700 адам жатады.
Бұл туралы бүгін Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мәлімдеді.
Елімізде короновирусқа қарсы вакцинация науқаны 1 ақпаннан бастап егіле бастады. Ең алдымен індетке қарсы екпе қызыл аймаққа енген облыстарға жеткізіледі. Сонан соң, сары және жасыл аймақтардағы қалаларға берілетін болады. Жалпы, Жамбыл облысы жасыл аймақта болғандықтан өңірде вакцинация науқаны кеш басталатын көрінеді. Бұл туралы облыстың бас дәрігері Әсет Қалиев брифинг барысында баяндаған еді. Яғни мамандардың айтуынша ресейлік спутник ви екпесі өңірге ақпанның оны күні жеткізіледі. Алдымен вакцинаны індетпен күрес жолында жүрген ақ халаттылар қабылдамақ. Артынша мұғалімдер, құқық қорғау қызметкерлеріне егіледі. Бас дәрігердің айтуынша өңірде 18 бен 64 жастағы 659 722 тұрғын бар, оның ішінде қарсы көрсеткіштер мен бас тартуларды ескере отырып вакцинациялауға 593 700 адамды тіркеген. Оларға бірінші кезеңмен ресейлік спутник ви вакцинасынан 5000 доза алдырамыз дейді. Ал 2021 жылдың наурыз айында COVID-19-ға қарсы қазақстандық вакцинамен жаппай егу басталады.Қазір QazCovid-in вакцинасын клиникалық сынақтан өткізудің соңғы ІІІ сатысы өтіп жатыр. Оның аясында вакцина 3 мың еріктіге егілді.Егер отандық вакцина оң өзгерістер көрсетіп, пайдалануға берілер болса ресейлік екпеге қарағанда отандық өнімнің күші әлде қайда мықты болатындығын жауаптылар алға тартып, екпенің ешқандай қауіп қатері жоқ екендігін айтып, тұрғындарға еш уайымсыз екпені салдыра беруге кеңес беруде. Айта кету керек, биыл жамбылдық тұрғындарды вакцинациялаудан өткізу үшін, қажетті көлемде вакцина мен шприцтерді алуға 2,5 млрд теңге көлемінде қаражат жұмсалады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, Әсет Қалиев өңірдегі ауруханалар мен емханалар қазіргі таңда вакцинация науқанына дайын екенін жеткізді. Жалпы өңірдегі ауруханаларға екпе сақтайтын мұздатқыштардың 21 данасы алынып қойылған. Екпе егу науқанына дейін әлі біршама мұздатқыш алу жоспарда екен.
Нұрдаулет АСАН
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала