сейсенбі, 24 ақпан, 2026 19:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өңірлік коалиция мүшелері жұмысшылармен кездесті

Өңірлік коалиция мүшелері жұмысшылармен кездесті
Ашық дереккөз
Жиын барысында Ата заңға өнідіріс пен экономикалық өсім үшін қолайлы, айқын әрі тұрақты нормалар енгізілгені айтылды

Жамбыл облысында жаңа Конституция жобасын ашық және жалпыхалықтық талқылауды қамтамасыз ету мақсатында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өңірлік филиалының мүшелері «Жамбыл Су» мекемесінің жұмысшыларымен кездесті. Әңгіме тұрақты жұмыс, қауіпсіздік және еңбек адамынан деген құрметтің мән-маңызына арналды. Жиын барысында Ата заңға өнідіріс пен экономикалық өсім үшін қолайлы, айқын әрі тұрақты нормалар енгізілгені айтылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Кездесуде өңірлік коалиция жетекшісі Дауыл Бейсенқұлов пен коалиция мүшелері Батырбек Құлекеев, Рашид Пірманов, Ержан Данай және Кенжеғали Шиілбек пен Ерік Аманжолов жаңа Конституция жобасына қатысты ой-пікірлерімен бөлісіп, бұл ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды қадам екенін атап өтті. Айтуларынша, осынау құжат саяси жүйені жаңғыртып, билік тармақтарының теңгерімді әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етеді. Бұдан бөлек азаматтардың мемлекет басқаруға қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтады. 

Жиын барысында жалпыұлттық референдум аясындағы конституциялық реформаның маңызы жан-жақты талқыланды. Алғашқылардың бірі болып сөз алған коалиция мүшесі Батырбек Әбдірәсілұлы конституциялық реформалардың әлеуметтік салаға оң серпін беретініне тоқталса, Кенжеғали Шиілбек экология мәселесін тілге тиек етті. Ол өз сөзінде табиғатты қорғап, аялап, табиғи ресурстарға ұқыпты қарау – әрбір азаматтың міндетіне кіретінін жеткізді. 

Кездесу соңында коалиция мүшелері қарапайым жұмысшылар ел болашағына қатысты маңызды бастамаларға қолдау көрсететініне сенім білдіріп, келесі айда өтетін саяси науқанда белсенділік танытуға шақырды. 

Еске сала кетейік, «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» жалпыұлттық коалициясы 12 ақпанда құрылды. Оның құрамына 5 саяси партия мен шамамен 300-ге тарта қоғамдық ұйым кірді. Олар шамамен 5 миллион қазақстандықты біріктіреді.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар