«Иті қаңғымайтын ауыл». Суханбаев ауылы қаңғыбас иттер мәселесін толығымен шешкен
- авторМағжан Орынбасар
- 25 сәуір, 2024
- 693
Абдулмұрат Мәдібаевтың айтуынша, мұндай жетістікке тұрғындарға тыңғылықты түсіндірме жұмыстарын жүргізу арқылы жеткен.
"Ауылдық округтегі 424 ауланың қаншасында ит бар екенін нақты айта алмаймын. Бірақ, иесіз жүретін ит жоқ деп айтуға болады. Ауылдағы иттердің қарғыбаусыз жүруі, арнайы орында ұсталынуы, бейберекет жүрмеуі басты назарда. Бұл туралы тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырамыз",- деді ауылдық округ әкімі.
Сонымен қатар, ауыл әкімі өткен жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларын баяндады. Оның сөзінше, ауылдық округте 136 шаруа қожалығы тіркеліп, егін және мал шаруашылығымен айналысып жатыр.
"Өткен жылы 310 гектарға күздік бидай, 725 гектарға арпа, 150 гектарға жүгері, 50 гектарға қант қызылшасы, 145 гектарға майлы дақылдар, 130 гектарға көкөніс, 100 гектарға бақша, 325 гектарға жаңа жоңышқа, 1095 гектарға ескі жоңышқа өнім егілді. Суханбаев ауылдық округінде жалпы жайылым жер бүгінгі күнге 2099 гектар, ал округтегі мал басына шаққанда қажетті жайылым көлемі 15126 гектар, жайылым жердің жетіспеушілігі 13027 гектарды құрайды",- деді Абдулмұрат Мәдібаев.
Ұқсас жаңалықтар
Облыста 16 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылуда
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024
Жамбылда 577,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024