сейсенбі, 22 қазан, 2024 20:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Көптің көмегімен көтерілген тұрғынүй тапсырылар шақ таяу

Көптің көмегімен көтерілген тұрғынүй тапсырылар шақ таяу
ашық дереккөзі
Көптің көмегімен көтерілген тұрғынүй тапсырылар шақ таяу

Облыс әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен қолға алынған "Асарлатып үй салу" жобасы аясында бір кісідей жұмылып, көңілге қуаныш ұялатуды көздеген айшабибіліктердің жомарттығы мен мейірімділігіне қайран қаласың. Қазына қариялардың үйме-үй аралап, кәсіпкерлерге қолқа салып, мұқтаж отбасына асарлатып көмек көрсету туралы аталы сөзі әлі күнге дейін есімізде. Игілікті іске шаруа қожалықтары бар тұрғындар мен қолы ашық азаматтар қолғабыс етіп, небары 3 айдың ішінде 13 соттық жерге зәулім баспана тұрғызып үлгереді деп ешкім ойламаған еді. Ал бүгінгі көрініс тұрғындардың ауызбіршілігін көрсетіп тұрғандай. Бір қызығы қайырлы амалға аудан әкімі аппаратының басшысы Жомарт Телеуов пен ауданның спортшылары әр демалыс күндері істің басынан табылып, сауапты іске ден қойды. Ал ауыл әкімі Раимбек Сеитов те таразыда салмағы ауыр амалдан шет қалмаған. Арнайы техникамен қамтамасыз етіп, қараша халықтың арасында жүрді. Оның айтуынша, ішкі жиһаздарын үйлестіріп беруді мойнына алған кәсіпкер сөзінде тұрып, бүгінде қажетті жабдықтарды үйдің ішіне орналастырып үлгеріпті. Енді үйдің маңайына асфальт төсеу жұмыстары қалып отыр екен. Тағы бір айта кететін жағдай, көпбалалы отбасының отағасы да баспананың еңсе тіктеуіне зор үлесін қосып жүр. Ол игілікті іске атсалысқан барша ағайынға шексіз риза. Қасына бара қалсаңыз мейірімді жандарға Алла тағала сансыз сауаптан жазсын деп отырғаны. Көп ұзамай салтанатты жағдайда баспана кілті табыс етілсе, қоналқадан бала-шағаның күлкісі естілгенге не жетсін!

 

Жамбыл ауданы әкімдінінің баспасөз қызметі

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар