бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 17:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әлеуметтік көмек: Таразда 17 017 көпбалалы ана бар

Әлеуметтік көмек: Таразда 17 017 көпбалалы ана бар
Коллаж: jambylinfo.kz
Тараз қалалық мәслихатының төрағасы Кенжебек Олжабай кейбір өңірлер сияқты неге Жамбыл облысы 8-наурыз мерекесіне орай, көпбалалы аналарға бір реттік ақшалай көмек көрсетпейтінін түсіндіріп берді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Айта кетейік, биыл 2024 жылы Қарағанды облысы, Астана қаласы халықтың әлеуметтік осал топтарындағы және көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай бір жолғы ақшалай төлем берген болатын.

Осы орайда Jambylinfo.kz тілшісі Тараздағы жергілікті билік өкілдерінен өңірдегі аналарға төлем қарастырылған ба деген сұрақ қойды. Қалалық мәслихат төрағасы Кенжебек Олжабайдың сөзінше, мәслихатқа ұсынысты әкімдік береді. Бірақ, қала әкімшілігі тарапынан мұндай қадам болмаған. Дегенмен, Кенжебек Олжабай «көрпеңе қарай көсіл» деген сөзді алға тартып отыр.  

«Бюджетте бұған қаржы қаралмаған. Басқа қалалар өзінің мүмкіндігіне қарай беріп жатыр. Оның үстіне Қарағанды, Астанада бұған дейін қабылданған мәслихаттың шешімдерінде жыл сайын көмек көрсету қарастырылып қойған екен. Ал, бізде ондай шешім жоқ. Бұған біздің бюджеттің мүмкіндігі жетпеуі де мүмкін. Көрпеңе қарай көсіл деген сөз бар ғой»,- деді Кенжебек Олжабай

Айта кетейік, қазір Таразда 17 017 көпбалалы ана бар. Қалалық мәслихат төрағасының айтуына қарағанда , әр әйелге 20 мыңнан есептегеннің өзінде әкімдіктің «әмияны» үшін бұл аз қаржы болмайды. Қарапайым математикалық есептегенде ол 340 млн теңге болады. Бірақ алдағы уақытта әкімшілік бюджет мәселесін шешіп, мәслихатқа осындай ұсыныс жасаса қостауға әзір. Ал, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гаухар Олжабаеваның сөзіне сүйенсек, көпбалалы аналарға мерекеге орай бір реттік көмек бұған дейін қарастырылмаған. Биыл да қарастырылмайды.

«Біз мүгедектерді жұмыспен қамтимыз. Одан кейін атаулы әлеуметтік көмек береміз. Бізде мерекеге орай бір реттік көмек жоқ. Қарастырылмаған»,- деді Гаухар Олжабаева.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар