сәрсенбі, 27 қараша, 2024 22:08

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әкімдік өрт кезінде қайтыс болған балалардың отбасына көмек көрсетуде

Әкімдік өрт кезінде қайтыс болған балалардың отбасына көмек көрсетуде
ашық дереккөзі
Әкімдік өрт кезінде қайтыс болған балалардың отбасына көмек көрсетуде

Бүгін сағат 9:53-те ТЖД Тараз қаласындағы тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына құрамында 8 адам мен 2 бірлік техникасы бар өрт сөндірушілер бригадасы жетті. 4 шаршы метр аумаққа таралған қызыл жалын 10:17-де ауыздықталды. Оқиға орнында улы газдан улану белгілері бар 2018 және 2017 жылы туған екі баланың денелері мен бірнеше сіріңке  қорабы табылды. Өрттің шығу себептері анықталуда.

Алдын ала мәліметтер бойынша, үйдің отағасы жұмыста болған, ал жұбайы балаларды үйде тастап, құлыптап, медициналық мекемеге тексерілуге шығып кеткен. Оқиғаның анық-қанығы әлі де анықталуда.

Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев пен қала әкімі Айтқазы Қарабалаев келіп, облыс әкімдігі атынан көңіл айтты. Жапа шеккен отбасыға жан-жақты көмек көрсетілуде. Оның ішінде психолог маманның кеңесі, көз жұмған балаларды жерлеуге көмек беру бойынша шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Жамбыл облысының әкімдігі мен облыстық ТЖД ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырады. Азаматтар сақ болып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауы керек.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар