Жамбыл жаңалықтар
Үкімет Тараздың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын бекітті
- авторjambylinfo.kz
- 3 ақпан, 2024
- 464
Үкімет Тараздың 2040 жылға дейінгі Бас жоспарын бекітті
Қазақстан Республикасының Үкіметі Тараз қаласының 2040 жылға дейінгі дамуының Бас жоспарын бекіту туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бас жоспарда мынадай жобалық кезең қабылданды: бастапқы жыл – 2022 жыл; бірінші кезек – 2029 жыл; есепті мерзім – 2040 жыл.
«Бас жоспар қалалық аумақтың кешенді қала құрылысын дамыту стратегиясын, аумақты оңтайлы жоспарлау құрылымын және функционалдық аймаққа бөлу бағытын, қоршаған ортаны қорғау қағидаттарын, қоғамдық қызмет көрсету жүйесін, көліктік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуды, жобаланатын аумақтағы инвестициялық процесті ұзақ мерзімді жоспарлауды, көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастыруды, инженерлік жабдық жүйесін дамытуды, аумақты инженерлік тұрғыдан дайындауды және абаттандыруды, қоршаған ортаны және тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғауды айқындайды», - деп жазылған Үкімет қаулысында.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, 2022 жылы Тараз қаласында 422,8 мың адам тұрады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз