сәрсенбі, 22 сәуір, 2026 17:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кітап күніне орай мазмұнды шара өтті

Кітап күніне орай мазмұнды шара өтті
Фото - ашық дереккөз
Аталған шараның негізгі мақсаты – кітап оқуды насихаттау

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №58 мекеме қызметкерлері Дүниежүзілік кітап күні мерекесіне орай Абай Құнанбайұлы атындағы кітапханаға арнайы барып, мазмұнды әрі тағылымы мол рухани-танымдық іс-шара өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

 

Аталған шараның негізгі мақсаты – кітап оқуды насихаттау, қызметкерлердің рухани дүниесін байыту, сондай-ақ ұлттық әдебиетке деген қызығушылықты арттыру болып табылады.

 

Іс-шара барысында қызметкерлер кітапхана қорымен танысып, қазақ және әлем әдебиетінің үздік туындыларын қарастырды. Әсіресе, ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармаларына ерекше көңіл бөлініп, оның өлеңдері мен қара сөздерінің мән-мағынасы талқыланды. Қатысушылар ақынның даналыққа толы мұралары арқылы адамгершілік, білім, еңбекқорлық сынды құндылықтар жөнінде ой бөлісті.

 

Сонымен қатар, қызметкерлер өздері оқыған кітаптары жайлы пікір алмасып, бір-біріне әдеби шығармалар ұсынды. Бұл өз кезегінде ұжым арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, ортақ рухани құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етті. Кітап оқу мәдениетін дамыту, бос уақытты тиімді пайдалану, сондай-ақ жастарға үлгі болу мәселелері де кеңінен қозғалды.

 

Аталған іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан үлкен қолдау тапты. Мұндай мәдени-танымдық кездесулер алдағы уақытта да өз жалғасын табатыны атап өтілді. Кітап – адамзаттың рухани азығы екенін тағы бір мәрте дәлелдеген бұл шара қызметкерлерге ерекше әсер қалдырды.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар