Кітапханада Бауыржан Момышұлының ерлігі мен мұрасы дәріптелді
- авторБақытжан Бекболат
- 6 қазан, 2025
- 370
Жамбыл облыстық кітапханасында Ұлы Отан соғысының даңқты қолбасшысы, аты аңызға айналған қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының 115 жылдық мерейтойына арналған «Қазақтың батыр ұлы – Бауыржан» атты Бауыржантану сағаты ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шара «Ел болып оқимыз» облыстық жобасы аясында өтті. Жобаның басты мақсаты – өңір тұрғындары, әсіресе жастар арасында жергілікті әдебиет пен тарихты насихаттау, ел ерлерінің ерлігін үлгі ету.
Шараға М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері Әлімбай Найзабаев, «125 International School» мектебінің директоры Йылдырай Абдуллах, аталмыш мектептің тарих пәнінің мұғалімі Сәт Қуантай, Қазақстан студенттер альянсының Жамбыл облысы филиалының төрағасы Дархан Байпақ, сондай-ақ №17 орта мектеп пен №1 гимназияның кәсіптік бағдар беруші педагогтері Замира Қожагалиева мен Абай Қаспақов, Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназияның педагогі Динара Әбілхайырова қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар батырдың өмірі мен ерлігінен сыр шертіп, оның елдік пен рух биігіндегі тұлғалық келбетін жастарға үлгі етті. Сонымен қатар Бауыржан Момышұлының шығармашылығына, әскери тактика мен тәрбиеге қатысты мұраларына ерекше назар аударылды.
Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді күшейтіп, батыр тұлғаларымыздың өнегесін ұлықтауға бағытталған маңызды бастама болып табылады.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025






