Ұландық сарбаздар түзеу мекемесіне өткізбек болған есірткіні тәркіледі
- авторБақытжан Бекболат
- 22 шілде, 2025
- 715
Тараз қаласында Қазақстан Республикасы ІІМ Ұлттық ұланының 5513 әскери бөлімінің сарбаздары түрмеге есірткі өткізу әрекетіне тосқауыл болды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оқиға №59 түзеу мекемесінің бақылау-өткізу пунктінде болған.
Келушілерді тексеру кезінде аға нұсқаушы – ефрейтор Нұрбахыт Есенгелдиевтің қарауындағы "Зара" атты қызметтік ит күдікті иісті сезеді. Төрт аяқты сақшы ішінде есірткі оралған бумалары бар кроссовканы нұсқап, нақты белгі береді.
Әскери қызметшілер орын алған жағдай туралы кезекші бөлімге жедел баяндайды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды. Ұландық жауынгерлердің кәсібилігінің арқасында тыйым салынған заттарды өткізу әрекеті тоқтатылды.
Күдікті ұсталып, мән-жайды одан әрі анықтау үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне берілді. Қазіргі уақытта аталған факт бойынша тексеру жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда психологтарға арналған ауқымды форум өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 27 наурыз, 2026
Таразда республикалық моноспектакльдер фестивалі басталды
- авторБақытжан Бекболат
- 27 наурыз, 2026






