Әлеуметтік нысандарды аралап, жұмыстарымен танысты
- авторjambylinfo.kz
- 7 қараша, 2020
- 235
Облыс әкімінің орынбасары Ержан Жылқыбаев облыс орталығында орналасқан бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, олардың коронавирус инфекциясының болжалды екінші толқынына дайындығын тексерді. Бұл туралы Ержан Жұматұлы өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады.
[video width="400" height="224" mp4="https://jambylinfo.kz/wp-content/uploads/2020/11/qauipti-indettin-kelui-mymkin-ekinshi-tolqynyna-dajyndyq-sharalar-18Ң-x-32Ң-1-1.mp4"][/video]— Қауіпті індеттің келуі мүмкін екінші толқынына дайындық шараларын бір күн де тоқтатпау керек. Бұл - облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бізе берген тапсырмасы. Тұрғындарымыздың денсаулығы мен тұрмыстық әлеуеті күн тәртібінен түспеуі тиіс. Сондықтан да бүгін Тараз қаласындағы бірнеше әлеуметтік нысанды аралап, жұмыс барысымен танысып қайттым. Алдымен қалалық көпбейінді аурухананың инфекциялық блогының құрылысын көрдім. Бұл нысан жақын арада пайдалануға беріледі. Қазірдің өзінде палаталардың дені дайын тұр.
«Әмір және Д» дәріханалар желісі зауыты мамандары да коронавирустың қауіптілігін жақсы түсінеді. Сол себептен қандай жағдайда да жұмыс режімін күшейтуге сақадай сай. Ол үшін барлық мүмкіндік қарастырылғаны қуанытты. Зауыт соңғы үлгідегі заманауи технологиямен жабдықталған.
Сапарымның барысында 500 оқушыға арналған №20 орта мектептің, «ARAI» медициналық орталығының күрделі жөндеу жұмыстарымен, «ARAI-ELITE» жекеменшік элиталық мектеп-гимназиясының құрылысымен таныстым. Мұндағы екінші нысанның біздің өңірдің білім саласының дамуына үлес қосатынына сенімдімін. Оқушылардың алаңсыз терең білім алуына барлық жағдай жасалған. Ғимраттың сән-салтанаты, сәулеттік келбеті, соны құрал-жабдықтармен қамтылуы осындай ой туғызады.
Облыс орталығындағы «Ұлан» стадионының күрделі жөндеу жұмыстарында олқылықтар бар. Өйткені, мердігер компания бұл құрылыс алаңынан бөлек, бірнеше әлеуметтік мекеменің жөндеу жұмыстарын мойнына алыпты. Бұл – кемшіліктерге жол беруге себеп емес. Қанша нысанды жөндеуге алса да, әлеуетіне сеніп алды. Сондықтан құрылысты баяулатуға немесе сапасыз салуға болмайды. Жауапты мамандарға құрылыстың әрбір шегесінің қағылуын бақылауға алуды тапсырдым.
Жұмысымның соңында батыр аналардың құрметіне бой көтеріп жатқан «Анаға тағзым» орталығының құрылыс жұмыстарын да бақылай кеттім. Тиісті шаралар жоспарға сай атқарылуда. Тараз қаласының сәулеттік келбетін арттыратын монумент келесі жылы көктемде жұртшылықтың көзайымына айналады деген сенімдеміз, — делінген жазбада.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз