сенбі, 28 желтоқсан, 2024 16:20

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Құлпынай өсіріп, кәсібін құлпыртқан бағбан

Құлпынай өсіріп, кәсібін құлпыртқан бағбан
ашық дереккөзі
Құлпынай өсіріп, кәсібін құлпыртқан бағбан
Меркі ауданы Меркі ауылдық округіндегі «Рахима» шаруашылығының басшысы Азамат Комолов үлкендігі шабдалы жемісінен кем түспейтін құлпынай алқабын күтіп баптауда.
Негізгі кәсібі гүл өсіру болса да, кәсіпкер алдымен қияр өсіретін жылыжай соғып, ел алғысын алған еді. Өзі де еңбегінің жемісін көріп, тапқан табысын той тойлауға немесе қымбат көлік алуға жұмсамаған бағбан кәсібін әрі қарай дамытуды мақсат етіп отыр.
Осылайша арнайы тапсырыспен Американың Техас штатынан біздің Қазақстанда теңдесі жоқ құлпынайдың «Альбион» тұқымының 1000 түп өскіндерін алдырған. Өз ісін жанындай сүйетін жас жігіт екінші жылыжай тұрғызып, төрт соттық жерге сол құлпынайын жайқалтып өсіріп, жемісін базарда саудалап, іздеп келгендерге үйден де өткеріп ащы терінің тәтті жемісін теріп,қызығын көріп отыр.
– Егер сіз хабардар болсаңыз, Түркістан облысындағы Сарыағаш ауданы жылыжай саласында да, оның көшеттерін, сұрыптарын өсіруде, саудалауда да елімізде алдыңғы орындардың бірінде. Солардың өзі келіп менен тәтті жемістің 30 мың түп өскіндерін сатып алып кетті, – дейді Азамат Махмұдұлы.
Иә, ауызға үріп салатын жеміс шынымен үлкендігімен, тіл үйіретін тәттілігімен ерекшеленеді. Көктем, күзде жемісін жинап, осы мезгілде өскіндерін, көшеттерін де сатуға болады екен.
Бір сөзбен айтқанда, облысымызда-ақ дейік, арнайы тапсырыспен арнайы «Фриго» деген тәсілмен 4 айда Қазақстанға жеткен Техастың жаңа жемісінің авторы Азамат десек те жарасардай.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар