сенбі, 23 қараша, 2024 5:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Луговой станциясы енді Түрксіб деп аталады

Луговой станциясы енді Түрксіб деп аталады
ашық дереккөзі
Луговой станциясы енді Түрксіб деп аталады

ҚР Үкіметі тиісті қаулы қабылдады.

 ҚР Үкіметінің "Теміржол вокзалы кешенін және кейбір теміржол станцияларын қайта атау және кейбір теміржол станциялары атауларының транскрипциясын өзгерту туралы" қаулысы жарияланды. Еліміздің бірнеше өңіріндегі теміржол бекеттерінің атауы өзгертілді: Ақмола облысында "Астана Нұрлы жол" теміржол стансасы енді "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол" , ал ОП-39 стансасы - Өндіріс деп аталады. Ақтөбе облысында Компала станциясы - Көкала деп өзгертілді. Жамбыл облысындағы Луговой станциясы енді  – Түрксіб деп аталады. Қарағанды облысында Весна темір жол станциясы Ақжолтай, ал аралық станция – Мыңбала деген атауға ие болды. СҚО-дағы  Новоишим станциясы -Жаңаесіл, ал Володарское станциясы -Саумалкөл деп аталды. ШҚО-да да жаңалықтар бар. Серебрянка станциясы - Күмістау, Селезновка – Көкжиек, Огневка – Таусамалы, Зырян – Алтай теміржол станциясы деп аталды. Сонымен қатар, елордадағы жаңа кешен – Нұрлы жол теміржол вокзалы кешені деп аталды. Аймақтардағы бірнеше станция атауларының транскрипциясы да өзгертілді. Мысалы, Жамбыл облысында Құмшағал станциясы Құмшағыл, Ақыр-Төбе – Ақыртөбе деп жазылады. Толық тізіммен сілтеме бойынша танысуға болады. Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар