Мүгедектер күні қарсаңында сотталушылар туыстарымен сөйлесуге мүмкіндік алды
- авторМағжан Орынбасар
- 11 қазан, 2024
- 340
Қазақстан Республикасының мүгедектер күні Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД РММ №58 мекемесінде аталып өтті, деп жазады Jambylinfo.kz.
Түзеу мекемесінде бірінші топтағы мүгедектігі бар А.П.П. есімді сотталған азаматқа әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, мекеменің САТжӘПЖЖ бөлімінің қызметкерлерімен аталған сотталған азаматты туысымен «Скайп» құрылғысы арқылы сөйлестіру ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, ҚР-ң әлеуметтік кодексіне сәйкес, №58-ші түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғандар арасында бірінші топтағы мүгедектігі бар азаматтарға мекеме тарапынан жанжақты әлеуметтік көмек көрсетілуде.
2023 жылдың 20-сәуірінде №224-VII ЗКР Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексін қабылдады.
Әлеуметтік кодексті іске асыру үшін «Бас бостандығынан айыруға сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 13 тамыздағы №508 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» ІІМ-нің 2023 жылғы 26 маусымдағы №512 бұйрығы қабылданды.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД РММ №58 мекемесінде ұсталынатын бірінші топтағы мүгедектігі бар сотталғандарға күтім жасау жөніндегі жәрдемақылар түріндегі әлеуметтік төлемдерді тағайындай отырып, оларға күтім жасау 2023 жылдың шілде айынан бері жүзеге асырылуда. Яғни, мекемеде жазасын өтеп отырған бірінші топтағы мүгедектігі бар А.П.П. есімді сотталған азаматқа күтім жасауға Л.Е.Н. есімді сотталған бекітілген.
Университетте студенттерге арнап жиын өтті
Ұқсас жаңалықтар
«Асқақ рухты Әулиеата» атты поэзия кеші өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 19 желтоқсан, 2024