МӘМС заңы: Жамбыл облысында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 15:53
- 68
Бүгін «Zhanshuak Medical Group» ЖШС емханасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты «Ашық есік күні» акциясы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Іс-шара барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-тың Жамбыл облысы бойынша филиалы мен «Zhanshuak Medical Group» ЖШС емханасының қызметкерлері тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу барысында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Жамбыл облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Даурен Бурханов халыққа медициналық сақтандыру жүйесінің негізгі қағидаттары, оның артықшылықтары мен тұрғындар үшін маңызы туралы кеңінен түсіндірді.
Сондай-ақ ол денсаулық сақтау саласын қаржылық тұрғыдан тұрақтандыру, медициналық қызметтердің сапасын арттыру және оларды халыққа қолжетімді ету маңызды мәселелер екенін атап өтіп, елімізде енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі халыққа медициналық көмек көрсетудің жаңа деңгейін қамтамасыз етіп отырғанын жеткізді.






