сенбі, 23 қараша, 2024 4:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мал өсірсең қой өсір

Мал өсірсең қой өсір
ашық дереккөзі
Мал өсірсең қой өсір
Сәрсенбі күні ауданымызға қарасты Қаракемер ауылынан 3 шақырым шалғай жатқан «Атамекен» шаруа қожалығының базасында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің тапсырысы бойынша жүргізіліп жатқан бағдарлама аясында «Ауыл шаруашылығы саласында қой мен ешкілерді көбейту, селекция және өз тұқымынан көбейту» тақырыбында 10 шаруа қожалық иелері қатысқан кең ауқымды семинар-кеңес өтті. Аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шараға Қ.Ү.Медеубеков атындағы қой шаруашылығы Ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары Темірхан Кенжебаев, шаруа қожалықтарының иелері, сондай-ақ, ауылшаруашылық ғылымдарының докторлары мен кандидаттары және сала үздіктері қатысты. Жиын басталмас бұрын өңірімізге келген қонақтар шаруаларға асыл тұқымды қой түрлері мен оларды дамытуға арналған заманауи технологиялармен жабдықталған жобаның сызбасын түсіндірді. Кеңесті өткізудің негізгі мақсаты қой шаруашылығы саласында ата кәсіппен шұғылданатын қауымға бұл шаруаның жаңа замандағы мәні мен мағынасы, осы кәсіпті кеңейтіп, қазіргі нарықтың сұраныстарына сәйкес дамыту туралы пікір алмасу болып табылады. Басқосуға жиналған жұртшылық қой шаруашылығының қазіргі жағдайын айтып, оны дамыту бағыттары туралы ойларын ортаға салды. Әрине, қазіргі нарық заманында мал тұқымын асылдандыру керек-ақ, дегенмен, шаруалардың басым көпшілігі қойды еліміздің түкпір-түкпірінен әкелетін кезде оны дамыту тұрғысында кеңес беретін ғылыми қызметкерлердің жоғын айтып, сан соғып қалатынын тілге тиек етті. Сонда өңірімізде қой шаруашылығына кеңес беріп, жол сілтейтін бір маман табылмады ма? Әлде ат терлетіп Алматыдан мамандар шақырту керек пе деген ойға қаласың. Қой шаруашылығының негізгі міндеттерін айқындаған білікті мамандар оларға қол жеткізу жолдарына, көрсетілетін мемлекеттік қолдауларға, қой тұқымын асылдандырудың сатылай қадамдарына, экспортқа шығару және басқа да мәселе­лерге тоқталды. Аймақтағы шаруа қожалықтарының басшылары, қой өсірушілер кездесу барысында ғылы­ми қызметкерлер мен сарапшы­лардан ұсақ мал өсірудің зама­науи тәсілдерін естіп қана қойған жоқ, сонымен қатар өздерін толғандыратын сауалдарына тиянақты жауап та алды. Екі бөлімнен тұрған семинарда қатысушылар мұндай конструктивті диалог алға қойған міндеттерді тиімді шешуге көмектесетінін, қой өсіруде айтулы жетістіктерге жетуге септігін тигізетінін айтты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар