"Мамыр-Антитеррор-2021" терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізілді
- авторjambylinfo.kz
- 26 мамыр, 2021
- 569
Ағымдағы жылы 26 мамырда Тараз қаласында "Мамыр-Антитеррор-2021" терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізілді.
Іс-шара барысында ескерту жүйелерін жетілдіру, штабтың террористік сипаттағы қатерлерге ден қоюға дайындығы, терроризм актісінің салдарын азайту және жою мәселелері пысықталды.
Оқу-жаттығу жұмыстары аясында арнайы жедел топ кепілге алынған адамдарды босату және лаңкестерді бейтараптандыру операциясын өткізді.
Жаттығудың мақсаттары мен міндеттері толығымен орындалды.
Іс-шараға атсалысқан мемлекеттік органдардың күштері мен құралдары террористік қауіп-қатерлерді ауыздықтау бойынша өзара әрекеттестіктің жоғары деңгейін көрсетті.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Облыс әкімі Б.Сапарбаев дарынды жастармен кездесті
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында пиротехникалық өнімдерге қатысты рейдтер басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 29 желтоқсан, 2025
Жуалы ауданы 100 пайыз табиғи газбен қамтылды
- авторБақытжан Бекболат
- 29 желтоқсан, 2025






