сейсенбі, 26 қараша, 2024 21:47

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында көптеген мәселелер тиімді шешілуде

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында көптеген мәселелер тиімді шешілуде
ашық дереккөзі
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында көптеген мәселелер тиімді шешілуде
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен кеңесте мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясындағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Сандуғаш Әбдіралиеваның айтуынша, ағымдағы жылғы 30 қазандағы жағдай бойынша облыста МЖӘ аясында 10,9 миллиард теңгеге 70 жоба іске асырылған. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі жүргізген талдау нәтижесінде 54 жоба бойынша ескертулер берілген. 17 жоба бойынша кемшіліктер жойылды. Облыс әкімі денсаулық сақтау, энергетика және ТКШ басқармаларына ескертулерді жою бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды. С.Әбдіралиеваның айтуынша, тағы 18 жоба қаралуда. Әсіресе, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағыты білім беру саласында белсенді дамуда, бұл салада бүгінде 14 жоба қолға алынған. 13 жоба мектеп асханаларын жаңғырту және оларды сенімгерлік басқаруға беру, одан бөлек 1 мектептің құрылысы жоспарлануда. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында айтарлықтай белсенді іске асуда. Жеке серіктестер Құмшағал, Шөлдала, Көлтоған, Қарасу тұрғын үй алаптарын электр қуатымен қамтамасыз ету үшін қосалқы станция салуға және Тараз көшелерін жарықпен қамтамасыз ету мәселесін шешуге ниетті. Кәсіпкерлер Тараз қаласында жедел медициналық жәрдем станциясын салуды да ұсынып отыр. Ал, соңғы жоба облыс орталығында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
- Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту қажет. Өңір экономикасына инвестицияларды белсенді түрде тарту маңызды. Бизнес пен мемлекет ынтымақтастығының арқасында көптеген мәселелер тиімді шешілуде. Кәсіпкерлердің  мемлекеттік-жекешелік әріптестікті аясында жұмыс істеуге талпынуы үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Жақсы жобалар бар, оларды жемісті түрде аяғына дейін жеткізу керек. Тұрғындар әлеуметтік желілер арқылы маған көшелерді жарықтандыруға қатысты жиі жазады. Бірақ салалық басқарма әлі күнге дейін мәселелерді шешу бойынша талдау мен жоспар ұсына алмай отыр. Әлеуметтік салада жобалар аз емес, дегенмен инфрақұрылымдық жобалар жетіспейді. Көп нәрсе жергілікті әкімдерге, басқарма басшыларына байланысты. Олар бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп жұмыс істеп, ұсынылған жобаларды мұқият зерделеуі тиіс. Салыстырмалы талдау жүргізіп, экономикалық пайдасын ескеру қажет. Сонымен қатар, инвесторлар да өздеріне алған барлық міндеттемелерді орындауы қажет, - деп түйіндеді облыс әкімі.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар