Жамбыл жаңалықтар
"Менде Президентке тікелей телефон шалуға мүмкіндік бар". Тоқаевтың баспасөз хатшысымен сұхбат
- авторjambylinfo.kz
- 6 қараша, 2021
- 537
"Менде Президентке тікелей телефон шалуға мүмкіндік бар". Тоқаевтың баспасөз хатшысымен сұхбат
Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Pfizer вакцинасын жеткізу, антиваксерлер, Кабулдағы қазақстандық дипломаттарды неліктен сонда қалдыру ұйғарылғанын, Тоқаев пен Путин Мәскеуде не туралы сөйлескені және президенттің Twitter-парақшасын кім жүргізетіні туралы сұрақтарға жауап берді.
- Берік Уәлиұлы Президенттің баспасөз хатшысы қызметіне қалай келдіңіз?
- 2019 жылғы наурызда Қазақстан тарихындағы аса маңызды оқиғалар болды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатып, лауазымын Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы шешімін жариялады. Бұл жәйтті естігенде өз басым абдырап қалдым.
Мен ол кезде Жамбыл облысының ішкі саясат басқармасының басшысымын. Дәл сол күні елордада іссапармен жүрген едім. 20 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының алдында ант берді. Оны тікелей эфирден көрдік. Сол күні іле-шала маған Президент Әкімшілігінен хабарласып, Ақордаға мүмкіндігінше тезірек келуімді сұрады. Дәл сол сәтте Сарайшық көшесінің бойымен Президент резиденциясының жанындағы көпірден өтіп бара жатқан едім. Бұл уақытта Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада басқа мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлесіп, премьер-министр, Сенат пен Мәжіліс төрағаларын, Президентке есеп беретін мемлекеттік органдар басшысын қабылдап жатыр екен. Президент Әкімшілігінің сол кездегі басшысы Әсет Исекешев бүгін Мемлекет басшысы мені қабылдайтынын айтты. Қасым-Жомарт Кемелұлымен қысқа ғана сөйлестік.
Бірден алғашқы тапсырмалар берілді деуге де болады. Мемлекет басшысы бірден Түркістан қаласына алғашқы жұмыс сапарына дайындалу керек екенін айтып, қызметіме табыс тіледі.
берді...
- Менің білуімше, Қасым-Жомарт Кемелұлы Мемлекет басшысы болғанға дейін де А.Пивоваровты жақсы танитын. Мүмкін, Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздің Президенті болып сайланғаннан кейін шетелдік ақпарат құралдары өкілдеріне арналған алғашқы сұхбатын беру жөнінде өзара қандай да бір келісім болған шығар. Меніңше, сұхбаттың мазмұны Мемлекет басшысының көңілінен шықпаған. Сондықтан сұхбат жазылған таспа тек бірнеше айдан кейін ғана жарияланды.
Президентті Instagram-да белгілеген тэгтерге мониторинг қалай жүргізіледі? Оны кім бақылайды?
- Іс жүзінде Президенттің Баспасөз қызметінің барлық қызметкері әлеуметтік желілерді қадағалап отырады. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-қа мониторинг жүргізу міндеті жүктелген қызметкерлеріміз бар. Егер өзекті мәселелер, түйткілді проблемалар, биліктің іс-әрекетіне айтылған сындар, жақсы талдаулар, сондай-ақ нақты ұсыныстар болса, олардың бәрін жинақталған топтамаға қосып, басшылыққа жолдаймыз. Қасым-Жомарт Кемелұлы материалдардың бәрін оқитынын, кей жерлеріне белгі қоятынын, көбінесе ведомство басшылары мен әкімдерге тиісті тапсырма беретінін нақты айта аламын. Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударушы азаматтарға арналған үйлердің сапасыз салынуына байланысты осындай жағдай болды. Мемлекет басшысы жуырда Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы Қалжыр өзенінің экологиялық жағдайына назар аударды. Мұндай мысалдар көп. Президент елімізде және әлемде болып жатқан оқиғаларды ешқашан назардан тыс қалдырмайды.
Президенттің Instagram әлеуметтік парақшасына 2 миллионға жуық азамат тіркелген және олардың бәрі нақты адамдар. Олар Президентті үнемі тэгтеп-белгілеп отырады, біреулер шағымданса, енді біреулері жеке мәселесін айтып жатады.
Арыс қаласына барған шұғыл сапарды ерекше атап өткім келеді. Президент жарылыстар туралы білген кезде бірден: "оқиға орнына баруға дайындалыңдар", - деді. Арыста жарық, байланыс болған жоқ, снарядтар жарылысы әлі де тоқтамаған. Соған қарамастан Мемлекет басшысы оқ өткізбейтін кеудеше киюден үзілді-кесілді бас тартты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарылыс аумағынан шығарылған тұрғындармен кездескен сәтін смартфонға түсірдім де, ұялы байланыс ұстаған кезде бірден желіге жүктедім.
- Президент Жамбыл облысында болған жарылысты қалай қабылдады?
Мемлекет басшысы мейлінше сабырлы, салқынқандылықпен қабылдады деп айтуға болады. Дегенмен, Президент бұл оқиғаның көңіліне қаяу түсірген, жағымсыз жаңалық болғанын жасырған жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлы бүкіл салалық ведомстволардың басшылары қатысуымен бірден шұғыл кеңес өткізді. Онда аталған оқиғаның салдарын жою жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
- Президент Қорғаныс министрінің қызметінен кетуіне қалай қарады?
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрінің қызметінен кетуін ешқандай эмоциясыз, жұмыс бабындағы мәселе ретінде қабылдады. Өзара жабық әңгіме болды. Содан кейін Нұрлан Ермекбаевтың Қорғаныс министрі қызметінен босатылғаны туралы Жарлық баспасөзде жарияланды.
- Ауғанстандағы оқиғалар. Елде жағдай шиеленісе бастағанда көптеген миссиялар дипломаттарын шығарып алды. Қазақ дипломаттары тұрған жерінде қалды, неге?
Кәсіби дипломат ретінде Қасым-Жомарт Кемелұлы Ауғанстанның қазіргі әкімшілігі билік басына ұзақ уақытқа келгенін түсінді. Бұған АҚШ бастаған халықаралық коалицияның әскери күштерінің Ауғанстаннан күтпеген жерден кетуі түрткі болды. Сондықтан осы елдің жаңа әкімшілігімен арадағы байланыстарды, ең алдымен, қауіпсіздік және гуманитарлық көмек алмасу мәселелері жөніндегі қарым-қатынастарды сақтау мақсатымен Кабулдағы елшіміз бастаған қазақстандық дипломаттарды шағын құрамда қалдыру туралы шешім қабылданды.
Қазіргі уақытта Ауғанстан билігімен арадағы байланыстар мейлінше орнықты. Жақында Президенттің тапсырмасы бойынша Мемлекет басшысының арнаулы өкілі Ержан Қазыхан Кабул қаласында болып, осы елге гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі Қазақстанның шешімін жеткізді.
- Тамыздың соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде Владимир Путинмен кездесті. Бұл кездесуде президенттер не туралы айтты?
Мемлекет басшысы Мәскеуге Ресей Президентінің шақыруымен барғанын айта кеткен жөн. Олар Кремльде екі сағаттан астам уақыт бетпе-бет келіссөз жүргізді. Бұл келіссөзде айтылған мәселе, негізінен, бұқаралық ақпарат құралдары үшін жабық болады деген уағдаластық бар. Дегенмен, екі ел басшыларының Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық ынтымақтастыққа, сондай-ақ қазіргі геосаяси жағдайға қатысты пікірлері бір жерден шыққаны түсінікті. Президенттердің ұзақ уақыт әңгімелесуін өзара жақсы қарым-қатынастың айғағы деуге болады. Владимир Путиннің Қасым-Жомарт Кемелұлын құрметтейтінін және Қазақстан Президентінің саясаткер ретіндегі парасат-пайымы мен жан-жақты терең біліміне тәнті екенін талай рет айтқанын білеміз.
Шын мәнінде, Мемлекет басшысы індетке қарсы екпе алуда мәжбүрлемеу керек екенін айтты. Негізінен, оның тапсырмасы орындалып жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев ауруды еңсерудің жалғыз жолы екпе алу екенін бірнеше рет айтқан болатын. Бұл тек Мемлекет басшысының ғана емес, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен барша білікті сарапшылардың да ұстанымы.
Президент аталған оқиғаның мән-жайын өте жақсы біледі. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл жағдайға қатысты пікірін де білдірді. Мемлекет басшысы аудандық әкімдерден сұхбат алатын журналист Ақбөпе Тәңірбергеннің телехабарларын үнемі көріп отырады. Журналистердің мүдделері мен құқықтары бұзылмауы керек. Сонымен қатар Мемлекет басшысы БАҚ өкілдері де белігілі бір әдеп нормаларын бұзбай, карантин шараларын сақтауға тиіс. Сондай-ақ олар қоғамдық орындарда артық эмоцияға бой алдырмағаны жөн.
- Президенттің Баспасөз хатшысының жұмыс уақыты қашан аяқталады?
Бізде ондай түсінік мүлдем жоқ. Тәулігіне 24 сағат сақадай сай болуың керек. Сондықтан ұялы телефоным қашанда қолымда. Президенттен келетін хабарламалардың арнайы дыбыстық белгісі бар. Президент тапсырмалары кез келген уақытта, тіпті түн жарымында келіп жатады. Жаңа технологиялардың дамуы, оның үстіне пандемия жағдайы онлайн жұмыс істеуге әбден шыңдады. Кейде Мемлекет басшысының қызметіне қатысты ақпараттық хабарламаны кешке, тіпті түннің бір уағында жариялауға тура келеді. Мәселен, шетелдік іссапарларда уақыт айырмашылығы қатты байқалады. Дегенмен, akorda.kz сайтымыз және әлеуметтік желілер арқылы ақпаратты дер кезінде таратып отырамыз. Осы ретте, БАҚ-пен өзара іс-қимыл барысында әлеуметтік желілер тиімді пайдаланылады.
-Жеке өміріңізге уақыт қалады ма?
Әрине. Бірақ үнемі уақыт жетпейді. Мемлекеттік қызметтен басқа қоғамдық қызмет те бар. Ұлттық спорт түрлерін, әсіресе, құсбегілік өнерді дамытуға атсалысып жүрмін. Футболды жақсы көремін, Футбол жанкүйерлерінің лигасының құрметті президентімін. Футбол жанкүйерлері мен журналистер арасында турнир ұйымдастыруға атсалысып, БАҚ-лигасына қолғабыс жасаймын. Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын ұстануды насихаттауға өз үлесімді қосамын. Демалыс күндері мүмкіндік болса атпен серуендеймін.
- Еңбек демалысыңыз жөнінде айтсаңыз...
Әдетте, біздің еңбек демалысымыз Президенттің жұмыс кестесіне байланысты. Ол кісі еңбек демалысына шыққан кезде, біз де демаламыз. Биыл жазда Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысында 5 күн демалды. Дәл сол кезде еңбек демалысын алдым.
{
"@context": "https://schema.org",
"@type": "WebSite",
"@id": "https://jambylinfo.kz/#website",
"url": "https://jambylinfo.kz/",
"name": ""Менде Президентке тікелей телефон шалуға мүмкіндік бар". Тоқаевтың баспасөз хатшысымен сұхбат",
"potentialAction": {
"@type": "SearchAction",
"target": "https://jambylinfo.kz/search?query={search_term_string}",
"query-input": "required name=search_term_string"
}
}
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Таразда балабақшалардың бірлескен семинары өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 қараша, 2024