Меркі ауданының әкімі 2 жылда бірде-бір рет «больничныйға» шықпаған
- авторМағжан Орынбасар
- 20 маусым, 2024
- 439
Меркі ауданының әкімі Жорабек Баубеков еңбек дамылысында қайда демалатынын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жорабек Баубеков Меркі ауданындағы туризм саласын дамыту бойынша атқарылып жатқан шаруаларды. Сонымен қатар, jambylinfo.kz тілшісінің сұрағына жауап бере отырып, өзінің еңбек демалысын қалай өткізетінін де тілге тиек етті. Ауданның тізгінін 2 жылдан бері тартып ұстап келе жатқан әкім айлық демалысын қақ бөліп, емделуге арнайды екен. Ал, қалған бірнеше күнін ел ішінде отбасымен тауға шығып, тұмса табиғатты тамашалаумен өткізеді.
«Жылына еңбек демалысын екіге бөліп, көктемде және күзде аламын. 15 күннің 10 күнінде ем аламын. Жыл сайын солай емделіп тұруым керек. Ал, қалған 5 күнінде бала-шағаммен тауда, жалпы осы елде демаламын. Бірақ, менде қалыптасқан бір ұстаным бар. Мен осы күнге дейін бір де бір рет жұмысқа жарамсыздық қағазын алған емеспін. Өйткені, өзімді жұмыстан қашқан адам сияқты сезінемін. Жалпы, мен балық аулағанды жақсы көремін. Өзімнің қармағым бар. Осы арқылы ойымды қалпына келтіремін»,- деді Жорабек Баубеков.