Жамбыл жаңалықтар
Мерзімінен кешіккен құрылыстардың мәселесі назарға алынды
- авторjambylinfo.kz
- 7 қыркүйек, 2021
- 193
Мерзімінен кешіккен құрылыстардың мәселесі назарға алынды
«Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңесі Бюросының кеңейтілген отырысы өтті. Оған аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев қатысып, партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бекітілген Жол картасының орындалуына назар аударды. Бұл маңызды құжат аясында өңірде айтарлықтай шаруалар атқарылғанымен, олқылықтар да жоқ емес.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлдана Жауынбекова баяндамасында жыл басынан бері өңірде пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 329,5 мың шаршы метрді құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 16,4 пайызға артқанын тілге тиек етті.
- Есепті кезеңде 11 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оның 3-еуі аяқталды. Жаңа оқу жылына 7 мектеп оқушылардың игілігіне берілсе, жыл соңына дейін тағы 1 мектеп дайын болады. 73 мектептің жиһаздарын жаңарту, жаңа модификациялық ашу, кітапханалар мен асханаларды жаңғырту жұмыстары іске асуда, – деді Гүлдана Әлімжанқызы.
Облыс әкімі кейбір салалардағы жұмыстардың мерзімінен кешігуіне байланысты тиісті басқармалардың басшыларын сұрақтың астына алды. Жауапты мамандардың кейбірі жобалардың ішінара аяқсыз қалып жатқаны қаражат мәселесіне тіреліп тұрғанын тілге тиек етті. Өңірдің жол, тұрғын үй құрылысы, денсаулық салаларындағы жұмыстар ойдағыдай дегенмен, білім саласындағы бірқатар жұмыстар көңіл көншітпейді. Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Жамаловтың аймақ басшысы қойған сауалдарға жауап беруде жаңылысуы да саладағы шаруаның ақсап тұрғанын аңғартады.
Кеңейтілген отырыста «Қаралма» тау-шаңғы базасының құрылысы мәселесі де сөз болды. Бұл нысанның ел игілігіне берілуі үшін әлі 1 миллиард теңгеден астам қаражат керек. Ал бұл соманы мердігер компанияның қалтасы көтермейді. Бердібек Сапарбаев Жуалыдағы нысанды тезірек пайдалануға берудің жолдарын қарастырып, мәселені шешу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Талибан наразыларды тарату үшін оқ жаудырды
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда 8 мәдениет нысаны ел игілігіне беріледі
- авторМағжан Орынбасар
- 14 қараша, 2024