жұма, 5 желтоқсан, 2025 13:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Министр қабылдауында Жамбылдағы баспасөз мәселесі айтылды

Министр қабылдауында Жамбылдағы баспасөз мәселесі айтылды
Фото: Jambylinfo.kz
Министр Аида Балаева ұсыныстарды «ұтымды» деп бағалап, былтыр қабылданған «Масс-медиа туралы» заң аясында аталған мәселелер зерделенетінін жеткізді

Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қабылдауда «Aulieata-media» ЖШС бас директоры Данияр Асқарұлы да болып, өңірлік және қазақ баспасөзінің қазіргі жағдайына қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу барысында ол мемлекеттік ақпараттық тапсырысты жүзеге асыру қағидаларына өзгеріс енгізіп, республикалық БАҚ-тың өңірлік тақырыптарды игеруіне шектеу қою қажеттігін атап өтті. Бұл қадам өңірлік және республикалық медианың арасындағы бәсекелестік теңдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін айтты.

Сондай-ақ, Данияр Асқарұлы жекешелендіру кезінде жеке меншікке өткен аудандық газеттердің қазіргі мүшкіл жағдайына тоқталды. Ол тарихи маңызы бар мұндай басылымдарды қайтадан мемлекет меншігіне алып, тікелей қаржыландыру тетігін қарастыруды ұсынды.

Министр Аида Балаева ұсыныстарды «ұтымды» деп бағалап, былтыр қабылданған «Масс-медиа туралы» заң аясында аталған мәселелер зерделенетінін жеткізді.

Кездесу соңында «Aulieata-media» ЖШС бас директоры министрге биыл аймақ басшысы Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен жарық көрген «Tekturmas» республикалық тарихи-танымдық, ғылыми, әдеби-мәдени журналының алғашқы сандары табысталды.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар