бейсенбі, 24 шілде, 2025 13:38

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мойынқұмда алимент төлемеген борышкерге үкім шығарылды

Мойынқұмда алимент төлемеген борышкерге үкім шығарылды
Фото - ашық дереккөз
Оның қарыз соммасы 6 млн теңгені құраған

Мойынқұмда «әдейі» алимент төлемеген борышкерге үкім шығарылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Мойынқұм ауданы прокуратурасының талдау нәтижелерімен балаларын асырауға алимент төлеуден әдейі жалтырған борышкерге қатысты ҚК-тің 139-бабымен қылмыстық іс тіркелген.

Борышкер 2021 жылдан бастап әкімшілік жауапкершілікке тартылғаннан кейін тиісті қорытынды жасамай, өзінің нақты кірістерін бейресми жұмысқа орналасу арқылы жасырып, алимент төлеуден жалтыруды жалғастырған. Қарыз соммасы 6 млн теңгені құрады.

- 28.05.2025 жылы сот борышкерді ҚК-тің 139-бабымен кінәлі танып, оған қатысты бір жыл бойы пробациялық бақылаумен бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады. Нәтижесінде, бүгінге борышкер алғашқы төлемдерді бастады. Прокуратура кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған іргелі шараларды қабылдауды жалғастырады, - делінген хабарламада.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар