Мойынқұмда буллингтің алдын алуға арналған шара өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 17 қараша, 2025
- 426
Мойынқұм аудандық орталық кітапханасының коворкинг залында «Буллинг және кибербуллингтің алдын алу» тақырыбында ақпараттық кездесу өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Кездесуде буллинг пен кибербуллингтің түрлері, белгілері және олардың алдын алу жолдары түсіндірілді. Мамандар әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік, жеке деректерді қорғау және көмек сұрау арналары туралы ақпарат берді. Психолог пен құқық қорғау саласының мамандары кеңестерін ұсынды.
Қатысушылар пікірталасқа қатысып, практикалық жаттығулар орындады. Шара соңында ақпараттық буклеттер таратылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, балалардың қауіпсіздігі мен психологиялық саулығын қорғау — мектеп пен ата-ананың ортақ міндеті.
«Шараның мақсаты – жасөспірімдерге өз қауіпсіздігін сақтауға қажетті дағдыларды үйрету», — деді ұйымдастырушылар.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында «Мөлдір бұлақ» акциясы кең көлемде өтті
- авторБақытжан Бекболат
- 23 наурыз, 2026
Жамбылда Наурыз мейрамы кең көлемде атап өтілді
- авторМағжан Орынбасар
- 22 наурыз, 2026






