Наурызнама: «Жаңару» күнінде қалада көгалдандыру жұмыстары жүргізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 19 наурыз, 2025
- 158

Жамбыл облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінің қызметкерлері Наурызнама онкүндігі аясында көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. «Жаңару» күніне орай ұйымдастырылған шарада мекеме қызметкерлері бірлесіп, аумаққа жас көшеттер отырғызды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Көктемгі тазалық пен жаңаруға бағытталған бұл бастама қоршаған ортаны қорғау, экологияны жақсарту мақсатында жүзеге асты. Ұжым мүшелері жасыл желектің көбейіп, ауаның тазаруына өз үлестерін қосу – әр азаматтың борышы екенін атап өтті.
– Наурыз – табиғаттың түлеп, жаңаратын кезі. Осы күнді ерекше атап өтіп, тал-дарақ егуіміздің басты себебі – қоршаған ортаға жанашырлық таныту. Бұл дәстүр болашақ ұрпаққа экологиялық мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізеді, – дейді мекеме қызметкерлері.
Мекеме аумағында және арнайы белгіленген жасыл желек аймақтарында отырғызылған көшеттер болашақта жайқалып, көлеңке сыйлайтын болады. Ұйымдастырушылар бұл шара жыл сайын жалғасын табатынын айтып, барша тұрғындарды осындай игі істерге атсалысуға шақырды.
Қайтарылған активтер: Екі олигарх төледі, қалғаны қайда?
Ұқсас жаңалықтар
Облыстық кикбоксинг федерациясының президенті тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 наурыз, 2025