....

....

сенбі, 24 ақпан, 2024 3:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

Nazarbayev University: Отандық ғылымның озық орталығына айналды ма?

Nazarbayev University: Отандық ғылымның озық орталығына айналды ма?
ашық дереккөзі
Nazarbayev University: Отандық ғылымның озық орталығына айналды ма?
  Былтыр беделді Times Higher Education ұйымы дүние жүзіндегі озық университеттердің рейтингін жариялаған болатын.  Қазақстан бойынша ең жоғары көрсеткіш Назарбаев Университеттің еншісін тиіп, 2 мың оқу орнының ішінен 500-600 аралығындағы орынды иеленді. 13 жылдық тарихы бар оқу орындары әдетте бұл межеге жете алмайды, тіпті бұл санатта жоқ деуге болады. Яғни, НУ-дың даму динамикасы басқалардан көш ілгері десек артық емес. Осы тізімге кірген басқа да қазақстандық университеттер 1200-1300 орындардан кейінге жайғасты. Ресейдің 70 жылдық тарихы бар Новосібір мемлекеттік университеті де Назарбаев Университеттен төменгі сатыдан көрінді. Украинаның 1 білім ордасы ғана алда. Яғни, посткеңестік кеңістікте сөзсіз НУ алда тұр. Біз бүгін осы университеттің белді ғалымдарымен жүздесіп, Университеттің ғылыми әлеуеті, басым бағыттары туралы сөйлескен едік. Айта кетейік, әңгімеге араласқан ғалымдардың барлығы Қазақстан  азаматтары немесе тарихи отанынан оралған қандастарымыз. Сонымен... * * * Биыл Назарбаев Университет (НУ) ғалымдары керемет жетістікке жетті. 28 наурызға қараған түні Ассы-Түрген астрофизикалық обсерваториясында орналасқан НУ телескопының көмегімен ғалымдар ғарыштыағы ерекше құбылысқа – GRB230328B гамма-сәулелерінің жарылуына бірегей бақылау жүргізді. Гамма-сәулелену жарылыстары (ГСЖ) - әлемдегі ең жарқын жарылыстардың бірі. Халықаралық ғылыми қауымдастық елу жылдан астам уақыттан бері оның оның табиғатын әлі толық тани алмай келеді. Бұл ГСЖ пайда болғаннан кейін бар болғаны 41 секундтан анықталды. Жасыл, қызыл және инфрақызыл диапазондарда бір уақытта осы гамма-сәуленің жарылуының ең жылдам анықталуы. Аталған оқиғаны дүние жүзіндегі 14 обсерватория бақылаған. Осыған ұқсас келесі бақылау бізден кейін 30 минуттан кейін ғана жасалды. Жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың қауымдастырылған профессоры, Энергетикалық ғарыш зертханасының жетекшісі Ерназар Әбдікамалов: Телескопты осыдан бірнеше жыл бұрын құрған болатынбыз. Оның ерекшелігі – шағын, бірақ өте жылдам, автоматтандырылған. Яғни, кез келген бағытқа 8 секунд ішінде бұрылады. Сондай-ақ біздің телескопымыз үш түсті диапазондағы үш камерамен бір уақытта бақылау жүргізе алады. Басқа мемлекеттерде де өте ауқымды және сезгіш телескоптар бар, сезгіштік бойынша олармен бәсекелесу қиын. Бірақ біздің артықшылығымыз - жылдамдық, аз ғана уақытқа созылған құбылысты басқалардан бұрын көріп үлгереміз, - дейді. Оның айтуынша, ғарышта Swift деп аталатын америкалық телескоп бар. Ол алғашқы құбылыстардың белгілерін тіркеп, координаттарын әлемге таратады. Қазақстандық телескоп осы белгілер әрекет етеді. – Tелескоптың жылдамдығыны арқасында, біз бұған дейін ешкім көрмеген құбылыстарды көрдік. Мәселен, 20 жыл бұрын америкалық ғалымдар ГСЖ салдарынан радиация күшейіп, ғарыш тозаңы бұзылады деген болжам жасаған болатын. Ал біз сол құбылысты арада жиырма жыл өткеннен көре алдық. 2003 жылы болжам туралы мақала шықса, 2023 жылы біз ол болжамның айғақталғанын айқындап мақала шығардық. Бұл фурор болмауы мүмкін, бірақ біздің телескоптың мүмкіндігі мол екенін көрсетті, - дейді ол. - Бұл жаңалық бізге не береді? - Оның екі қыры бар. Біріншіден, ғарыштағы құбылыстар экстремал жағдайда жүзеге асып жатады. Қысым, магнит жолағы, температура және тағы басқалары бөлек. Ондай жағдайды жерде жасау мүмкін емес. Яғни, ғарыштағы құбылыстар – ол ғарыштағы біздің зертханамыз деуге болады. Біз ғарыштағы белгілерді бақылау арқылы жерде ядролық физиканы дамытамыз. Табиғаттың өзінде жүріп жатқан зертханалық құбылыстарды пайдаланамыз, - дейді ғалым. Ерназар Әбдікамалов 1983 жылы Қарақалпақстанда, Нүкіс қаласында дүниеге келген. Ташкент ұлттық университетін тәмамдаған. Америкада, Калифорния технологиялық университетінде жұмыс істеген. Қазақстанда Назарбаев Университет деп аталатын амбициялы жоба басталғаны туралы естіп, құжатын жіберді. Көп ұзамай, дәлірек айтқанда 2014 жылы Атамекенге оралды Қазақстанға келді. – Содан бері 10 жылға тарта уақыт ішінде көп нәрсе өзгерді. Ең алдымен, университет аясында ғылыми жұмыстарға арналға ауқымды инфрақұрылым қалыптасты. Көптеген зертханалар, жаңа бағдараламалар құрылды, - дейді ол. Асы-Түрген обсерваториясы Алматыға жақыне маңда, қаладан 100 шақырым жерде, 2,7 шақырым биікте орналасқан. НУ зертханасында істейтін 3 адамнан тұратын команда Алматыдағы В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институтпен бірлесіп еңбек етеді. Энергетикалық космос зертханасы ғалымдарының алғашқы мақаласы «Monthly Notices of the Royal Astronomical Society» журналында, қысқарта айтқанда Британиялық астрономия корольдік қоғамының журналында Нобель сыйлығының лауреаты пен бірлесіп жарияланды. Джордж Смут осы зертхананың негізін қалаған адам, қазір де ғылыми жобаларға атсалысады. Менің арманым – ғылыммен әлемдік деңгейде айналысып, дүние жүзі назар аударатын маңызды жаңалықтар ашу, сонымен бірге ұстаздықты да ұмытпау. Назарбаев Университет «Times higher education» рейтингінде Орта Азия мен Кавказ елдері бойынша бірінші орында тұр. Басқалардан оқ бойы озып тұрмыз деуге болады.  Ресейлік оқу орындарын қоса алсақ, 7-орындамыз. Посткеңестік елдерің ішінде Ресейден басқа бізге бәсекелес болатын университет жоқ деуге болады, Украинаның бір университеті ғана бар,- дейді ол. 2014 жылдың тамыз айында Ерназар Қазақстан, Астана қаласындағы Назарбаев Университетінің физика кафедрасына доцент қызметін атқарды. НУ студенттерімен бірге ол астрономиядағы жетекші журналдарда көптеген жұмыстарды, соның ішінде жұлдыздардың жарылыс механизмдерін зерттеуін жариялады. Назарбаев Университетіндегі ғылыми жетістіктері ескеріліп, Ерназар 2018 жылы доцент қызметіне тағайындалды. Бұл жерде ол өзінің ғылыми жетістіктерімен ғана емес, тамаша ұстаз ретінде де тез танылды. Педагогикалық алғырлығы үшін 2019 жылы «Жыл профессоры» атанды. * * *   Жанат Қаппасов Көкшетаудың түлегі. Мектеп бітіргеннен кейін шекаралас елдегі Томск радио және электроника университетіне түсіп, білім алды. Ресей Федерациясының әскери өнеркәсіп кешенінің автоматика және электрмеханикасы ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді. Тайваньда да еңбек еткенін, Ресейдегі көптеген конкурстарды жеңіп алғанын айта кету керек. – Тайваньда алты ай жұмыс істедім, еңбекақыны тайваньдықтар төледі, жолақымды ТУСУР (Томск радио және электроника университеті) төледі. Мен жоғары қуатты түрлендіргіш, күн батареялары үшін 5 және 250 кВт бар электрмен жабдықтау жүйесін әзірледім. Шетелде тәжірибем бар еді, оған дейін Америкада 6 ай жұмыс істегенімнің арқасында бардым. Сосын Қазақстанға қайтқым келді, Назарбаев Университетінің Робототехника кафедрасына  ассистент болып орналастым. Ол кезде ғылым мен техника мектебі болды, кафкедраны нөлден бастап жаңадан құрдық. Тайвань мен Ресейде алған білімім мен тәжірибемнің үлкен көмегі болды. Томскідегі көптеген зертханалар электроникаға бағытталған. Бұл жерде қалыпты зертханалық мәселелерді шешуге өте пайдалы болды, - дейді ғалым. Арада біраз уақыт өткен соң ол өзіне әлі де өсе түсу керек екенін түсінді. Сөйтіп, 5 жылдық кеңестік білім магистратура ретінде қабылданатын Францияға докторантураға түстім. Пьер және Мария Кюри университеті, Сорбонна Топ-100 білім ордасының қатарына кіреді. Сол университеттен робототехника бойынша докторлық дәреже алды. Диссертациясы бүкіл Франция бойынша жүздеген еңбектің ішінен екінші орынға лайық деп танылды. Франциядан кейін елге оралып, өзіне бұрыннан таныс НУ-ға орналасты. - Қазір мұнда тактильді датчиктерді жасап жатырмын, докторантурада оқып жүрген кезімнен бастап айналысып келе жатқан ісім ғой. Кейде біз қандай да бір қозғалысты - ауыр вагон немесе пойыз немесе жеңіл вагонның келе жатқанын көреміз. Бізге бұл машинаның жылдамдығы мүлдем басқаша сезіледі. Бұл біз оны сенсорлық сезім деп ойлаймыз, бірақ шын мәнінде бұл бұлшықет қозғалысы. Бұлшықеттер азды-көпті жиырылғанда, уақыт ұзағырақ немесе жылдамырақ өтіп жатқандай көрінеді. Робототехникада олар оларды роботтарда қайталауға тырысады. Роботтарды қауіпсіз ету үшін сенсорлық сезімдер қолданылады, - дейді ғалым. Қазір Назарбаев Университетінің Тактильді робототехника зертханасында зерттеуін жалғастырып жатыр. Негізінен қолданбалы ғылым берумен шұғылданады. * * *   – Нұршат Нұражы, АҚШ азаматы, Казақстан Президенті жанындағы ғылым техника кеңесінің мүшесі. Назарбаев Университетінің профессоры, химия-инженерия бойынша докторлық бағдарламаға жауапты. Осы білім ордасында Астана ұлттық зертханасы бар, соның жасыл энергия зертханасының меңгерушісі болып еңбек етеді. Біз әңгімені оның туған жерінен бастадық. – Иә, Жалпы, біздің аталарымыз, әкелеріміз қазіргі Алматының Нарынқолында өмір сүрген. Бала кезімнен ғылымға кұштар болдым. 2008 жылы Америкада, Нью-Йорк университетінде химия ғылымы бойынша докторлық диссертация қорғадым. Диссертациям жоғары бағаланып, Сан-Францискодағы Халықаралық зерттеу материал қоғамының жиынында күміс медальға ие болдым. Көп ұзамай Массачусетс Технологиялық институтында қызмет атқардым. Биылғы жылы (2023 ж) химия саласы боиынша Нобель сыйлығының лауреаты, профессор Моунджи Бандимен бірге наноғылымдар саласында жұмыс істегенімді айта кетейін, бұл мен үшін үлкен тәжірибе әрі мақтаныш болды. 2015 жылы Техас технологиялық университетінің химиялық инженерия факультетіне профессор болып орналасып, алғашқы дербес «Нұрәжы» атындағы зертханамы құрдым. Зерттеу бағытымыз Нано ғылымы және жасыл энергия саласы болды. Мені Нано ғылымына қосқан еңбегім үшін 2018 жылы ең беделді Улы Биританиянын журналы «Journal of Material Chemistry A» әлем бойынша үздік зерттеуші деп таныды. Сонымен қатар, Америка химия қоғамы доктарлық зертеуші грантін ұсынды. Сол кезде Қазақстаннан келген көптеген докторанттар мен магистранттардың ғылыми жұмыстарына жетекшілік жасадым, - дейді. Ең алғаш Қазақстанға 2011 жылы табаны тиді. Жергілікті ғалымдармен бірлесе отырып ғылми зерттеу еңбектері  Әлемдегі беделді журналдарға жарияланды. Жас докторанттарды АҚШ-тағы зертханамасына апарып, зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасады. Қазақстанның 14 доктор ғалымдарына жетекші болды. Біз оның Назарбаев Университеттегі ғылыми бағыты туралы сұраған едік. -  2019 жылы күз Айында, АҚШ-тан Қазақстанға оралып, осындағы іргелі ғылым ордасы Назарбаев Университетіне орналастым. Өзіңіз білесіз, адамзат баласы атам заманнан арзан әрі тиімді энергия көзін іздеп келеді. Энергия мен отын көздері мұнайға негізделген. Қазіргі таңда бүкіл әлемде болашақтың энергиясын зерттеу басым бағытқа ие болып отыр. АҚШ-тың Энергетика министрлігі тереңдетіп зерттеу үшін биомасса көзінен платформаның 21 молекуласын анықтады, себебі олардың құрамын түсіну мұнайдан алынатын қуатты алмастырады. Сол үшін Қазақстан да әлемдік бағыттан қалмауы керек. Бұл бағытта Назарбаев Университеті ғалымдарға бар мүмкіндікті жасап отыр. Біздің зертханамыздың бағыты – күн сәулесіне сезімтал материалдарды зерттеу, сутегі энергиясын өндіру және сақтау технологиясы. – Жұмыстарыңыз қалай жүріп жатыр? Қандай нәтижеге жеттіңіздер? – Жақында зертханамызда жасалған жұмыс нәтижесі әлемдік деңгейге шықты. Күн қуаты арқылы суды ыдыратып, сутегі өндіретін наноматериалды ойлап таптық. Тағы бір жаңалығымыз – ауадағы сутегі газының мөлшерін анықтайтын жаңа технология жасадық. Қазір бұл жұмыстарды әлемдік деңгейге жариялап, патент алу процесі жүріп жатыр. Тағы бір бағытымыз – биомассаны пайдаланып, дәрілік заттар және полимерлі материалдар шығару. Бұл жұмыстардың нәтижесі келешекте мұнайға деген тәуелділікті азайтады, - дейді ол. * * * Ғалымдардың пайымына салсақ, ғылым дамуы үшін алдымен ғылыми инфрақұрылым қалыптастырған жөн. Қазіргі таңда республикадағы бірден-бір осындай орта ретінде Назарбаев Университетін айтуға болады. Назарбаев Университеті президентінің кеңесшісі, белгілі ғалым Қанат Байғарин: – Ғылыми институттар көп бізде. Бірақ 80 пайызында кеңестік кезеңнен қалған құрылғылар тұр. Назарбаев Университеттің базасында озық құрылғылар бар, бірақ біз жалғыз болмауымыз керек. Осындай бірнеше орталық қажет. Ғылымды қаржыландыру үлесін 10-15 жыл ішінде 0,3 пайыздан 3 пайызға көтеретін болсақ, онда қаражат инфрақұрылым мен құрал-жабдықтар үшін де бөлінгені жөн. Ерекше нәтиже алу үшін алынатын құрылғылар да ерекше болуы керек. Мысалы, қазір әлемде 40-50 данасы бар стандартты микроскоп сатып алдыңыз делік. Онда сіз басқалардан ерекше жаңалық аша алмайсыз, өзге елдер жүргізіп жатқан зерттеулерді қайталауыңыз мүмкін. Сол үшін елден ерек жаңалық ашқыңыз келсе, басқаларда жоқ құрылғы қажет, - дейді. – Назарбаев Университеті базасында сирек кездесетін қандай құрылғы бар? - Бір мысал келтірейін. Жоғарыда әріптес ғалымдарымыз атап өткендей, биыл біздің ғалымдарымыз керемет жаңалық ашты. Наурыз айында және қараша айында ғарышта болған екі бірдей гамма-ұшқындарды бақыладық. Оны Түргендегі өзіміздің телескобымыз арқылы әлемде алғаш болып біздің ғалымдар байқады. Екеуін де біздің ғалымдар бірінші болып көрді. Себебі, Түргенде орналасқан біздің телескоп әлемдегі ең жылдам құрылғы. Ол қажет нүктеге басқалардан бірінші болып бұрылады, - деп жауап берді ол. Қанат Байғарин атап өткендей, Назарбаев Университетті ашуға, оны дамытуға, қазіргі базасын қалыптастыруға қомақты қаржы жұмсалды. Соның арқасында үлкен ғылыми орта қалыптасты, үлкен құрылым пайда болды. Бұл 30 жыл ішінде жүзеге асырылған ең табысты жобалардың бірі. Ғалым өзі еңбек ететін іргелі білім ордасына қатысты бір қызық мысал келтірді. – Зымыран жерден енді көтерілген кезде оның ең белсенді жұмыс істейтін уақыты 70 секундқа тең. Одан кейін өзінің инерциясымен ұша береді. Біз қазір осы белсенді бөліктің үштен біріне келдік. Егер дәл қазір көмектеспесек, ол ұша алмай, құлдилай бастайды. Ал өз инерциясымен одан әрі ұшып кете беруі үшін Әрі кетсе, 10 жыл. Тіпті одан да аз уақыт керек, - дейді. Назарбав Университетінің түлектеріміз енді ғана аяқтанып, қанаттары қатайып келеді. Біз ғалымдардың жұмысына табыс тіледік.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Ұқсас жаңалықтар