жексенбі, 24 қараша, 2024 20:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оңалту және бейімдеу орталығы ашылды

Оңалту және бейімдеу орталығы ашылды
ашық дереккөзі
Оңалту және бейімдеу орталығы ашылды

Байзақ ауданында салауатты өмір салтын насихаттап, адам денсаулығына жіті көңіл бөлу, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолжетімді жағдай жасай отырып, қоғамдық ортаға бейімдеу – бүгінгі таңдағы өзекті мәселенің бірі саналады. Осы орайда, әлеуметтік – әріптестік шеңберінде мүмкіндігі шектеулі балалардың ем алуына қолайлы жағдай туғызатын бейімдеу және оңалту орталығы ашылды.

Орталықтың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов, Бәйтерек ауылдық округі бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы Жиенғали Жұмағұлов өздерінің құттықтау тілектерін жеткізді. Бұдан соң ауыл қариялары қызыл лентаны кесіп, мекеме ресми түрде жұмысын бастады.

Жаңадан ашылған әлеуметтік нысан 25 баладан 35 балаға дейін ем алушыға арналған. Оған аудандық бюджеттен 15325,0 мың теңге қаражат бөлініп, тиісті мамандармен қамтамасыз етіліпті. Ғимарат іші ойын бөлмесі, баланың ой - санасын дамытатын ойыншықтармен толтырылса, демалыс және дене шынықтыру бөлмесі арнайы құрылғы - жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ ерекше балалардың сенсорлық қабілетін және ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған құралдар да бар. Тірек – қимыл аппараттары бұзылған мүгедек балаларға иппотерапия қызметі көрсетіледі. Мұнда жеке оңалту бағдарламасы бойынша балалар келіп, ем ала алады.

- Енді Тараз қаласына бармай-ақ өз ауданымызда ем қабылдай аламыз. Бұл бізге үлкен көмек болып отыр. Балаларымыз осы жерде ем алады. Массажы бар, пони аттары да бар, таңертең алып келіп, кешке алып кетеміз. Балаларымыз осы жерге келіп тұратын болады, - дейді мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары.

Айта кетейік, бүгінде аудан бойынша үш мың сегіз жүзден аса мүмкіндігі шектеулі жан болса, олардың 422-сі  бірінші, 1552-сі екінші, 1415-і үшінші топтағы, 496-сы бір жарым жастан 18 жасқа дейінгі сал ауруы мен қимыл тірек қозғалысы дамымаған жеткіншектер екен. Үйде арнаулы қызметтер көрсету бөлімшесі 97 мүмкіндігі шектеулі балалар мен мүгедектерге және 21 қарт кісіге қызметтердің сегіз түрі бойынша қызмет көрсетуде. Сондай-ақ, 22 мүгедекке үй жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсынылса, екі жүзден астам зағипқа, тірек – қимыл аппараттары бұзылған мүгедек балалар мен мүгедектерге және Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүмкіндігі шектелуі жандарға инватакси қызмет етеді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар