Оқу жылы басталғанға дейін Жамбыл облысының 500-ден астам мектебі балалардың қауіпсіздігі үшін ЖБО-ға қосылады
- авторСадуақас Айсұлу
- 12 тамыз, 2025
- 460
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Үкімет отырысы барысында өңірде мектептердегі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Оның айтуынша облыс бойынша жалпы 770 білім беру нысаны террористік тұрғыдан осал нысандар қатарына енгізілген. Оның ішінде 541 мемлекеттік және 229 жекеменшік нысан бар.
«Қазіргі таңда 122 жекеменшік білім беру ұйымы жедел басқару орталығына қосылған. 541 мемлекеттік білім беру нысанын жедел басқару орталығына қосу мақсатында мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде. Жаңа оқу жылына дейін аталған нысандар жедел басқару орталығына қосылады», - деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.
Әкім бұл бағыттағы жұмыс тұрақты бақылауда екенін атап өтті. ҚР Премьер-министрі аталған жұмыстарды жаңа оқу жылы басталғанға дейін аяқтауды тапсырды.
«Барлық өңірлер екі апта ішінде қауіпсіздік жүйелерін толықтай қосуды қамтамасыз етсін», - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Ұқсас жаңалықтар
Президент Жолдауы: Облыс әкімдігінде жиын өтті
- авторМағжан Орынбасар
- 4 желтоқсан, 2025





