жұма, 27 желтоқсан, 2024 2:02

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Оқушылардың қауіпсіздігі 100 пайыз қамтылған – аудан әкімі

Оқушылардың қауіпсіздігі 100 пайыз қамтылған – аудан әкімі
Сурет ашық дереккөзден алынды
Мектептер бейнекамералармен  толық қамтылған дейді спикер

Жуалы ауданы Қызыларық ауылдық округінің әкімі Марат Қасымбеков ауылда оқушылардың қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілгенін айтты, деп жазады jambylinfo.kz.

Марат Қасымбеков атап өткендей, биыл ауылда қылмыс тіркелмеген. Оқушылар арасы да тату көрінеді. Айта кететіні, 5 ауылдан тұратын Қызыларық елді мекенінде 4 мектеп бар. Оның 3-еуі орта оқу орны болса, 1-еуі бастауыш мектеп. Ауыл әкімінің сөзінше, барлық білім ұясы бейнекамералармен, турникеттермен қамтылған. Осыған сүйене отырып, балалардың қауіпсіздігі жоғары деңгейде 100 пайыз қамтылған дейді. Сондай-ақ, ағарту ошақтарында ішкі, сыртқы әжетханалар жұмыс істеп тұрғанын, сыртқы дәретхана аумағында бақылау камералары орнатылғанын атап өтті.

"Бізде Алатау ауылындағы мектеп тірек мектебінде өзге ауылдардан да балалар қатынап оқиды. Жалпы оқушылардың жүріс-тұрысы бейнекамаралар арқылы ішкі істер бөлімінің назарында. Облыстағы өткенде болған келеңсіз жағдайлардан кейін тексеру жұмыстары жүргізілд"і,- деді ауылдық округ әкімі.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар