сәрсенбі, 27 қараша, 2024 4:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыс әкімі Дастан Әділбайдың ата-анасына «Айбын» орденін табыс етті

Облыс әкімі Дастан Әділбайдың ата-анасына «Айбын» орденін табыс етті
ашық дереккөзі
Облыс әкімі Дастан Әділбайдың ата-анасына «Айбын» орденін табыс етті

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан полицейлер мен әскерилер Мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын. Сол бүлікте ерлікпен көз жұмған батырлардың арасында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаментінің бөлім бастығы, подполковник Дастан Әділбай да бар.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ІІ дәрежелі «Айбын» орденін марқұмның ата-анасына табыс етті.

ҰҚК Департаменттің мәжіліс залында өткен шараға Дастан Әділбайдың туған-туыстары мен әріптестері қатысты. Оларға батырдың өмірі мен еңбек жолынан бейнетаспа көрсетілді және көпшілік марқұмды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Облыс әкімі сын сағатта ерлік танытқан ерлердің есімі ел жадында мәңгі сақталатынын атап өтті.

- Отан деген – қастерлі ұғым. Сол Отанды қорғауда еліміздің полиция, әскери, ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Олар бейбіт заманның батырлары. Десе де, Дастан сияқты арыстай азаматтарымыздан айырылып қалғанымыз – үлкен өкініш, ауыр қайғы. Президентбатырларымыздың ерлігі мен еңбегін ескеріп, Мемлекеттік наградалармен марапаттады. Дастан Әділбайұлының орденін ата-анасына табыстауды маған жүктеді», - деді Бердібек Сапарбаев.

Аймақ басшысы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде бүлікшілердің департамент ғимаратына жасаған шабуылы кезінде өз өмірлерін қатерге тіге отырып, тойтарыс берген қызметкерлердіңбатылдықтары мен кәсібиліктері көпке үлгі болғанын жеткізді.

-  Туған жерін, қаласын қорғау кезінде көз жұмған әскерилердің, полиция мен қауіпсіздік саласы қызметкерлерінің отбасыларын мемлекет тарапынан қолдау шаралары жалғасады. Жергілікті әкімдік те әркез көмектесуге әзір, - деген облыс әкіміДастанның кәсіби деңгейі жоғары маман болғанын тілге тиек етіп, оның ұйымдастыруылық шеберлігіне тоқталып, артында қалған балаларына амандық тіледі.

Дастанның әкесі Әділбай қария Отан үшін опат болған ұлының қазасына күллі қазақстандықтардың ортақтасқанын, ерлігі ескерусіз қалмай, мемлекеттік нагарадамен марапатталғанына ризашылығын білдірді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар