Жамбыл жаңалықтар
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев тұрғындарды қабылдады
- авторМағжан Орынбасар
- 25 қаңтар, 2025
- 865
Азаматтар түрлі салаға қатысты өтініш-тілегін айтты
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жеке қабылдауға жазылған 15 азаматтың мәселесін тыңдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Олардың қатарында Тараз қаласы мен Байзақ, Жамбыл, Т.Рысқұлов, Меркі, Жуалы, Талас ауданының тұрғындары бар.
Қабылдауда болған азаматтар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, білім, кәсіпкерлік, тұрғын үй, жол және жер саласына қатысты ұсыныстар мен өтініш-тілектерін айтты. Өзге де мәселелер бойынша шағымдарын білдірді.
Ербол Қарашөкеев жауаптыларға өтініш иелерінің мәселелерін мұқият зерделеп, заң талаптарына сәйкес шешім қабылдау бойынша тапсырма берді.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл жаңалықтар
«Тәуелсіздік шежіресі» атты танымдық мәдени кеш ұйымдастырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025
Жамбыл жаңалықтар
Жамбылда ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
- авторМағжан Орынбасар
- 12 желтоқсан, 2025






